Валюта бағамы: $ 346.68 404.02 5.47 ¥ 51.15

Автокөлікпен тасымалдаушылардың халықаралық нарықтағы көрсеткіші артты

Жақында Алматыда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП және бизнес өкілдерінің қатысуымен ҚР Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағының жалпы жиналысы өтті.

Кездесу барысында ҚР Ха­лық­аралық автомобиль тасымал­даушылар одағының Бас хат­шысы Теодор Каплан 2017 жылы белгіленген мақсат пен міндеттердің жүзеге асырылу, ҚР көлік-логистикалық саласын дамы­ту, автокөлік саласындағы түйткілді мәселелер мен олардың шешілу жолдары туралы баяндады.
«Қазақстанның халықаралық автомобиль тасымалдаушылары 2017 жылы оң нәтижеге жетті. Қазақстан бойынша тасымалдау көлемі 13 пайызға артты, отандық операторлар орындайтын тасымалдау көлемі 28,1 пайызға ұлғайды, ал үшінші елдердің тасымалдаушыларының көрсеткіші 2,3 пайызға кеміді. Отандық операторлардың салыс­тыр­малы салмағы халықаралық автомобиль тасымалдау­шыла­ры­ның жалпы көлемінде 52,6 пайызға жетті, 2016 жылы 46,4 пайыз болған. Үшінші мемлекеттен шетелдік тасымалдаушылар көрсеткіші 5,3пайызға төмен­деген», – деп ақпарат берді Теодор Каплан.
Бұл көрсеткіштер ҚР Халық­аралық автомобиль тасымалдаушылар одағы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнестің бірлескен жұмысының нәтижесі.
ҚР Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағының бас хатшысы автокөлік құралдарының сапасы жақсарғанын: Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық класын­да­ғы автокөліктің салыстырмалы салмағы қозғалмалы құрамның жалпы паркінен 54,1 пайызға жетті.
«Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департамен­тінің директоры – Басқарушы директоры Рустан Дженалинов көлік-логистикалық салада биз­нес жүргізуді жақсарту үшін әкім­шілік кедергілерді азайту, ҚР Ұлттық заңнамасындағы адал бә­секелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау мақсатында мемлекеттік органдармен бірле­се атқарған жұмысқа ҚР халық­ара­лық автомобиль тасымал­дау­­шылар одағының тікелей қа­­тыс­­қанын атап өтті.
Сонымен қатар, алыс қашық­тыққа тасымалдау кезінде тауарлар ауыстырылып жатады және осьтік параметрлер асып кетуі мүмкіндігін ескере оты­рып, жүк тасымалдаушылар авто­­көлік құ­рал­дарының салмақ пара­метр­лерін 1 тоннаға дейін жо­ғары­лату үшін жауапкершілік­­тен босатылды.
Жиын барысында қатысушы­лар көліктік бақылау, транзиттік және санкциялық жүк тасымалдары, сонымен қатар Ресей Федарациясы территориясы арқылы TIR Carnet (МДП) жүйесін қолдану мәселесін шешуге назар аударды.
Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Самат Гилимов шетелдік автожүргізушілерге көліктік ба­қы­лау жүргізу, сонымен көлік бойынша әкімшілік кедергілерді азайту шаралары жайында хабарлады.
«Eurasia Trans Team» ЖШС Бас директоры Саид Рахимов бір қатар мәселелерді көтерді, атап айтқанда Қытайдың тек бүтін металдан жасалған шанақ­тарды қолдану бойынша шектеу стандарттары, тиісті көлік бақы­лауының болмауы, сонымен қа­тар тасымалдарға рұқсат беретін бланктарды бөлудегі қиындықтар.
Жиын барысында «Alsan Trans» ЖШС директоры Сергей Репкиннің Латвия-Ресей шекара­сындағы жағдайдың жай-күйі, атап айтқанда «Пяталово» өтпелі кезеңі туралы айтқан ақпараты да тындалды.
«Ол жердегі кеден қызметтер бізді шын мәнінде қинайды, жүкті тексеру құны – 25 мың рубль және тексеру 2-4 күнге созылады.Бізде тасымалдаудың сау нарығы қашан болады?! Түсініксіз», – деді Сергей Репкин.
Жиында басқа да тасымалдаушылар мәселелерді айтып, оларды заңнама шеңберінде шешу туралы бастама көтерді.
Отырыс қорытындысы бой­ын­ша көліктің қызмет көр­сету нарығында отандық опера­торлар­дың бәсекеге қабі­леттілігін арттыру, шетелдік та­сы­малдаушыларға көліктік ба­қы­лау талаптарын күшейту, тас жолдар сапасын сақтау үшін қолданыстағы заң­намаға «бөлінбейтін жүк» нор­ма­сын енгізу, әкімшіілк ке­дергі­лерді азайтуға жол ашатын ЕАЭО территориясында МДП Конвен­циясының үздіксіз жұ­мысын қам­тамасыз ету туралы ше­шім қабылданды.

Әлия КЕМЕЛБЕКОВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру