Валюта бағамы: $ 327.42 383.51 5.29 ¥ 51.26

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ: Аға ұрпақтың еңбек дәстүріне адал

Еліміздің жаңа дәуірдегі даму бағытын айқындаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында алға қойылған асқаралы міндеттерді жүзеге асыруда Маңғыстау облысының қосып отырған үлесі қомақты. Уақыт талабына сай жаңарып, сәулеті мен дәулеті артқан қазыналы түбектің бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістерде өңірдегі ірі мұнай өндіруші – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның өзіндік қолтаңбасы бары айқын.

”Бақыт Алтайұлы ИМАНБАЕВ.
1985-1990 жылдары Алматы қаласындағы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында оқып, «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығын алып шықты. Институтты аяқтаған соң, «Маңғыстаумұнайгазбарлау» кешенді экспедициясында бұрғылаушы көмекшісі, «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінде мұнай және газ өндіру операторы болып жұмыс жасады.
2005 жылы Ақтау мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кенорындарын өңдеу» мамандығы бойынша аяқтады.
1991-2004 жылдар аралығында «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында мұнай және газ өндіру операторынан бастап, цех бастығы, орталық инженерлік-технологиялық қызметі басшысына дейінгі баспалдақтардан өтті.
2004-2007 жж. – «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының бастығы, 2007-2008 жж. – «Жалғызтөбемұнай» ЖШС бас директорының орынбасары, 2008-2011 жж. – «ҚазақОйлАқтөбе» ЖШС техникалық директоры, 2011-2013 жж. – «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ директоры қызметтерін атқарды.
2013 жылы – «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» АҚ басқарма мүшесі.
2013-2015 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары, басқарма мүшесі қызметтерін атқарды.
2015 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының бас директоры болып тағайындалды.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
«Құрмет» орденімен марапатталған. «Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушысы» атағының иегері.

Бас директор – Бақыт Алтайұлы Иманбаев
Бас директор – Бақыт Алтайұлы Иманбаев

Жер қойнауы қазба байлыққа толы еліміздің қазынасын тол­тырып отырған мұнай-газ өнер­кәсібі саласындағы іргелі кә­сіпорындардың арасында ойып орын алатын компанияның бірі – «Маңғыстаумұнайгаз» ак­ционерлік қоғамы. Қара алтынды түбек қойнауын игеруге жарты ғасырдан ас­там уақыт атсалысып келе жатқан компанияның еңбек ұжымының жоғары кәсіби әлеуеті, аптап ыстық пен суық жел өтіндегі жанқиярлық еңбегі табыстың кілті болып отыр. Мұнай бағасы күрт төмендеген 2014-2015 жылдардағы дағда­рыс қиындықтарын еңсеру нәтижесінде «Маңғыстау­мұнайгаз» АҚ ұжымы әлем­дік нарықта орын алған тұрақ­­сыз­дық жағдайларға қарамастан алға қойған міндеттемелері үдесінен абыроймен көріне білді. Өткен жылы межелі 6 350 279 тоннаның орнына 6 355 887 тонна мұнай өндірген кә­сіпорын ұжымы өндірістік жос­парды толық орындады. Жақсы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берген негізгі факторлар қатарында тех­ни­калық-геологиялық шараларды жоспарлау және жүргізу ша­ралары бар. Атап айтқанда, жаңа ұңғымаларды бұрғылау нәтижесінде 318 196 тонна мұ­най өндіріліп, гидравликалық сы­нулар жүргізуде қосымша табыс 154 350 тоннаны құраған, ал Қаламқас кенішінен 59 702 тонна өнім алынды.
Айта кетерлік жайт, былтыр 150 миллионыншы тонна мұнай өндірген Қаламқас мұ­най­шылары тағы бір үлкен белесті бағындырды. Осынау қол жеткен табыстың кілті – кәсіпорында жұмыс істейтін мың­даған мұнайшының береке-бірлігінде, білім-білігінде, ірі жо­баларды табандылықпен іске асыру жолындағы ерен еңбе­гінде.
Биыл компания 6 350 462 тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Үстіміздегі жыл­дың алғашқы тоқсанында жоспар­дағы 1 550 372 тонна мұнайдың орнына 1 570 739 тонна қара алтын өндіріліп, межелі көрсет­кіш артығымен орындалды. Көптеген өнеркәсіптік кәсіп­орындарда үздіксіз өндіріс пен жабдықтың едәуір тозуы салдарынан өнімді активтерді ұстау үшін шығын көлемі ұлғая­ды. Кез-келген компанияда жаб­дықтардың істен шығуы жұ­мыстың тоқтауына әкеп қана қоймай, қаржы тұрақсыздығына әсер етуі мүмкін. Жиі жөндеу жұмыстары «төтенше жағдай» ұстанымы бойынша жүргізіледі, ал жылдық профилактикалық қызмет көрсету жұмыстарының үлесі 40 пайызды құрайды. Тех­никалық қызмет көрсету про­цестерін оңтайландыруға бай­ланысты жабдықтарды жөн­деу өте маңызды.

Бас директордың бірінші орынбасары – Пэй Цзяньшэн

Қайта құру процестеріне көмекте­сетін жаңа жүйе ТОиР ЕАМ (En­terprise Assets Management) ірі өнер­кәсіп орындарында салалық стан­дарт болып табылады. Осындай жүйе­лердің бірі «Галактика EAM» ISO 55000/1/2 активтерді басқару стандарттарына сәйкес келеді. 2017 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ арнайы өндірістік активтерді басқару жүйесі – «Галактика EAM» енгізуді қолға алды. Жүйе жабдықтарды басқарудың бүкіл тізбегін автоматтандыруға мүм­кіндік береді, бизнес-процестерді ұй­ым­дастырады, активтерді, қыз­мет­керлерді, қаржыны басқару, жаб­дықтарға техникалық қызмет көрсету тиімділігін талдайды, көптеген ERP-жүйелермен оңай біріктіріледі, ұялы жұмыс үшін ыңғайлы және икемді WEB-платформасы бар.
«Галактика ЕАМ» – жүйесін қол­дану бұл сенімділік деңгейін төмен­детпей техникалық қызмет көр­сету мен жөндеу шығындарын қысқарту, материалдық-техника­лық қам­тама­сыз ету, сондай-ақ жабдық­тардың өндірістік пара­метр­лерін арттыру­ға мүмкіндік береді. Қазіргі экономи­калық құбыл­малылық жағдайында шы­ғындарды қысқарту басты басым­дық болып отыр.
Сондай-ақ компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, қауіпсіздік пен экологиялық мәселелерге база назар аударылып келеді. 2017 жылы экологиялық көрсеткіштерді жақ­сартып қана қоймай, қоршаған орта­ға әсер азайтылды. Өткен жылы мам­ан­дан­дырылған компаниялар то­бымен бірлесе отырып, 143 500 тонна қалдықты қайта өңдеу жұмыс­тары жасалды, уақытша сақтау полигондардарында Жетібай кен орнындағы майлы жерді рекультивациялау және жою жүзеге асты. Сондай-ақ, «Қаламқас­мұнайгаз» ӨБ, «Жетібай­мұнай­газ» ӨБ уақытша сақтау орындарындағы металл сынықтары жойылды, Қаламқас­тағы қатты қалдықтар мен тамақ қал­дық­тарын жою жұмыстары қолға алынды.
Компания Маңғыстау облысында­ғы ірі салық төлеуші ретінде аймақтың ғана емес, ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосуда. 2017 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жергілікті және республикалық бюджетке салық және өзге де төлемдер бойынша 251 млрд 492 млн теңге төледі. lsm.kz. іскерлік ақпараттық порталдың есебіне сүйенсек, «Мағыстаумұнайгаз» АҚ Қазақстандағы ірі салық тө­леу­шілердің үштігіне кіреді.
2016 жылы қол қойылған Ұжым­дық шарт өткен тәжірибені ескере отырып жасалды. Онда кез келген қыз­меткерге қолжетімді, практикалық қолдануға ыңғайлы, негізгі әлеуметтік позициялар жетілдірілген, еңбекақы, денсаулық сақтау және өзге де кәсіп­одақтың нақты міндеттемелері айқын да анық көрсетілген.
Былтыр елімізде ЭКСПО-2017 ха­­лықаралық мамандандырылған көр­­месі өте жоғарғы деңгейде өтті. «Маң­ғыстаумұнайгаз» АҚ басқар­масы ЭКСПО көрмесіне 1500 мұнай­шы мен 2000 балаға тарихи сәттің куәсі болу бақытын сыйлады. Олар халықаралық ЭКСПО көрмесін тамашалап, әлемнің үздік технологияларымен танысты. Ауыр өндірісте еңбек етіп, елдің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген мұнайшылар көрмеден үлкен әсер алғандарын айтады. Дамыған елдердің энергияның балама көздерін іздеудегі бағыт-бағдары, жетістіктері, жаңа техника мен технология жетістіктері мұнай­шы­ларға өте әсерлі болды.
«Маңғыстаумұнайгаз» акционер­лік қоғамы бюджетінен аймақтың әлеу­меттік инфрақұрылымын дамы­туға, әлеуметтік инвестициялық жобаларды іске асыруға, демеушілік және материалдық көмек көрсе­туге, спорттық мәдени іс-шара­ларды жүзеге асыруға жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді. Ком­пания демеушілігімен облыс көле­мінде атқарылған игілікті істер аз емес. Биыл келісілген меморандум негізінде, компания жергі­лікті шар­уа­шылықтардан 1 млрд 263 млн теңгеге көкөніс, жаңа сойыл­ған мал еті, сүт, шұбат, ұн сатып алды. Компанияның отандық өнім­ді қолдау бағдарламасы аясында атқа­рылған шаралар жаңа жұмыс орын­дарының ашылуы, ел экономи­касының өсуімен қатар, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге көп септігін тигізді. Бұған дейінгі меморандум құны 2014 жылы 459 млн тенгені құраса, жалпы құны 1 млрд 508 млн теңгені құрайтын меморандум 2015 жылы үш жылға жасақталды. Жалпы, мұнайшыларды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етудегі басым бағыт – өнім өндіру­шімен тікелей жұмыс жасау. Бүгі­нгі таңда еліміздің ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерін өн­діру­шілермен қазақстандық қамту жоба­сы бойынша, 23 компанияның өнімдері өнді­ру­шіден мұнайшы асханасына делдалдарсыз жеткізілуде.
Компания қазақстандық тауар­лардың, жұмыс және қызметтердің ке­лісімшарттық міндеттемелерін то­лы­ғымен орындап келеді. 2017 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-дағы тауар, жұмыс, қызмет түрлерінің қа­зақстандық үлесі тиісінше 40; 82 және 99 пайызды құрады. Үстіміздегі жылы «Маңғыстаумұнайгаз» акцио­нерлік қоғамы Халықаралық сайыс жеңімпаздарының бірі болып тан­ылғаны қуантады. Ресми статистика деректері негізінде жасалған ста­тис­тикалық саралау нәтижесін­де «Маң­ғыстаумұнайгаз» АҚ «Жыл ішін­де пайда табу» аталымында Қа­зақ­стандағы үздік мекеме атанды, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша қаржылық-экономикалық қыз­мет бағытындағы үш аталым – «активтер мен капитал көрсеткіштері», «кіріс­тілік көрсеткіштері», «өтімділік көр­сеткіштері» бойынша бірінші орынды иеленді. Бұл мұнай-газ өнді­ру саласы бойынша ең үздік көрсет­кіш­тер болғандықтан, «Маңғыстау­мұнайгаз» акционерлік қоғамына «Сала көшбас­шысы» мәртебесі бе­ріл­­ді.
Компанияның тағы бір жетістігі ретінде сертификаттау аудитінен сәтті өткенін атап өтуге болады. Аудит өткізуші халықаралық лидер Bureau Veritas Certification компаниясы сертификаттау бөлімінің жетекшісі Вячеслав Зуеноктың Бас­қармаға жолдаған құттықтау хатында халықаралық стандарттардың талаптарына сай «компания менеджмент­тің біріктірілген жүйесін сәтті енгізген әрі бұл жүйе облыстық сертифи­каттаудың барлық талаптарына қабі­летті екенін көрсетеді. Компания саясаты мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, адам қауіпсіздігі мен денсаулығына жіті мән беретіндігі байқалады» деп атап көрсетілген.
Ел өміріне өркенді өзгерістер енгізу – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан да «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының әлеуметтік саясаты өз мұнайшыларының ғана емес, ауыл-аймағының, бүкіл түбек халқының мұң-мұқтажын шешуге арналып келді және солай бола бермек. Маңғыстау өңірінде ауыл тұрғындарының көтеріле көшіп, қала жағаламай, ата кәсіптен қол үзбей, ырыс-берекесін арттырып отыр­ғанына сала көшбасшысы аталған ком­па­нияның өзіндік үлесі бары дау­сыз. Компания жарты ғасыр бойы аға ұрпақ қалыптастыр­ған еңбек дәс­түріне, бай тарихи сабақтастығына адал болып қала береді.

Бекет КӨКЕНАЙҰЛЫ,
Ақтау қаласы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру