Валюта бағамы: $ 364.95 416.99 5.55 ¥ 52.58

Экономикалық өсім адам ресурстарына байланысты

Алматыдағы «Қазжол» қонақүйінде Адам капиталы мен ресурстарына арналған дәстүрлі халықаралық «HRD Inter Forum» шарасы өтті. Шараға Қазақстанның ірі қалаларынан басқа, Ресей мен Украинаның HR саласының менеджерлері қатысты.

Шараның ашылу рәсімінде фо­румның продюсері Юлия Божко сөз сөйлеп, аталмыш жиын бір ғана Алматы қаласында бұған дейін 4-рет өткізілгендігін, HR саласының ме­неджерлік жұмыс ТМД елдерімен қоса Қазақстанда да жыл өткен сайын маңызды кәсіпке айналып бара жатқандығын атап өтті. «Skyeng» компаниясының бастығы Александр Ларьяновский «Machine Learning» бағдарламасының тұлғалардың оқу­ын қалайша арзан бағаға білім бе­ретіндігі жайлы баяндама жасап, тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеді. «Al­pina Digital»-дың маркетинг директоры Григорий Кузнецов электронды кітапхананың қазіргі таңдағы әріптестерді қалайша оқытатындығы туралы өз ойын ортаға салды. Бұдан басқа форум аясында тыңдармандар арасында ойын жүлдесі сарапқа салынды. Жеребеден жолы шық­қан тұлғаларға HR саласының мене­джерлік жұмысын іске асыру бойынша тегін бірнеше күндік тегін семи­нарға ие болды. HR HUB Eurasia, Veon-нің бастығы Леондид Свиреденко мен осы компанияның бас менеджері Қарлығаш Бекимова екеуі бірлесіп сандық жүйемен кадр үдерісін және елді өзгертуге қалай қол жеткізуге болатыны жайлы баяндама жасады. Форумда сөз сөйлеген мамандар HR менеджері болашақта елдің экономикасына қалайша оң ықпалын тигізетіндігін айтты.
Қазақстанда менеджмент саласы енді қалыптасып келеді. Менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға мін­детті. Ол үшін болжам жасайды. Ме­неджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Менеджмент шешімдер қабыл­дап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қар­жы ресурстарын пайдалану ва­ри­ант­тарының мүмкіндігінше ең жақсы опти­малдығын жүзеге асыру көз­деледі.
Менеджменттің пайда болуы кор­поративтік кәсіпкерліктің дамуы­мен байланысты. Осы болмыста, фир­маның мүліктерін басқару қыз­меті меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді.
Менеджердің біз білмейтін бір­неше түрлері бар: event-менеджер, BTL-менеджер, HR менеджер, GR менеджер, тәуекел менеджер, продакт-менеджер, бренд менеджер және контент менеджер. Соның бірі – HR менеджері. HR – ағылшынның «human recourses», яғни адам ресурстары сөзінен шыққан, ол рекрутер, тұлғалардың менеджері. Нарықтық арақатынастар жағдайындағы кәсіп­орынның дұрыс дамуы бәсекеге қабілетті күресті ұстау және осы күресте жеңіп шығу үшін барлық ресурстар түрлерін және ең басты адам ресурстарын максималды және рационалды қолдану.
Адамдар – бұл кәсіпорынның ең бағалы ресурстары. Көптеген мемлекеттерде қазіргі кезде «қызметкер» және «кадрлар» терминдерінің орнына «адам ресурстары» терминінің қолданылуы кездейсоқ емес.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру