Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

«Атамекен» экспортты қаржылай емес қолдау операторы атанды

Биылдан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экспорттаушыларға ықпалдасу бойынша мемлекеттік бағдарлама операторы болып танылды. Аталаған бағдарлама аясында отандық өңделген тауарларды шығаратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын өтеу қарастырылған.

Өнім жарнамасы, шетелдік көр­мелер, жәрмең­келер мен фести­валь­дарға қатысу, сондай-ақ жар­намалық каталогтарды әзірлеу және таратуға кеткен шығындар өтеледі. Бұған қоса шетелде өкілдік, сауда нүктесі немесе қойманы жалдауға жұмсалатын қар­жының бір бөлігі, тауар белгілерін тіркеу және өнімді сертификаттау шы­­­ғын­дардың жартысы өтеле­тін болады.
Кәсіпкерлерден өтінім қабылдау (БАҚ көзде­ріне хабарландыруды жа­рия­лаған соң) екінші тоқ­саннан басталады. Өтінімдерді жұмыс тобы мен ве­домствоаралық комиссия қарай­ды, нәтижесінде кә­сіпкермен қара­жат­тар­ды аудару туралы келісім жасалады.
Осы ретте «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншілес ком­паниясы – Қазақстанның Сырт­қы сауда палатасы отандық кәсіп­орындар үшін Ресей, Орталық Азия, Қытай мен Иранның шекаралас аймақтарында 15 сауда-экспорттық миссияны өткізуді жоспарлап отыр. Кәсіпкерлерге шетелдік әріптестерді іздеу бойынша арнайы алаңдар беріледі. Тәжірибе көрсеткендей, шетелдік сауда миссияларына қатысу тауар мен қызмет көрсету экспор­тының ауқымын айтарлықтай кеңей­теді (сауда-экспорттық миссияларды және басқа да іс-шараларды өткізу тәртібі қосымша жарияланады).
Сонымен қатар Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық биз­нестің түрлі халықаралық көрмелер мен конференцияларға қатысуын ұйымдастырмақ. Осы жылға Қазақ­стан­да халықаралық сарапшылар қа­тысуымен өтетін бірқатар семинарлар мен отандық тауар мен қызмет көрсету экспорты мәселесіне қатысты 14 вебинар өткізу жоспарланған. Мұндай вебинарлар бизнеске өндірістен қол үзбей, экспорт пен халықаралық саудаға қатысты барлық ақпаратты алу­ға мүмкіндік береді.
Тағы бір маңызды жаңалық: биылдан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экспорттау­шылар өтінімдері бойынша шетелдік нарықтарға талдау жүргізетін болады. Ұлттық палата мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі сәйкес келісімге қол қойды. Бұл дегеніміз әлеуетті экспорттаушылар қандай мемлекеттер қазақстандық өнімге және қандай өнімге қызығушылық танытып отырғаны жайында маңызды ақпарат алып отырады. Сонымен қатар бизнес жуық арада қандай тауарды шығару тиімді деп болжам жасай алатын болады. Аталаған ақпарат Қазақстанның өңірлер кескінінде ғана емес, шетелде де қолжетімді болмақ. Барлық сұрақтар бойынша ақпаратты экспорттаушылар «Атамекен» ҚР ҰКП байланыс орталығынан біле алады – 1432.

Әлия КЕМЕЛБЕКОВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру