Валюта бағамы: $ 363.26 420.11 5.54 ¥ 52.45

World Skills Taldykorgan чемпионаты басталды

Алматы облысында World Skills Taldykorgan чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Байқау кәсіби-техникалық мамандықтардың танымалдығын арттыруға бағытталған.

Биыл жарысқа аймақ кол­ледж­дерінен 82 студент бес мамандық бой­ынша қатысып жатыр. Олар – «Дәнекерлеу тех­но­логиялары», «Аспаз ісі», «Дизайн және киімді модельдеу», «Жеңіл автокөліктерді жөн­­деу және қызмет көрсе­ту», «Электромонтаждық жұмыс­тар».
Ашылу салтанатына қатыс­қан облыс әкімінің орынба­сары Жақсылық Омар қатысушы­лардың дайындығын жоғары бағалап, сәттілік тіледі.
KHAMA PARK мейрамхана кеше­нінің директоры, танымал қазақ­стан­дық аспазшы Серікхан Әділханов аталмыш байқауларда ең кәсіби ма­ман­дар анықталып, олардың бі­лімі мен біліктілігіне шынайы баға бері­летінін атап өтті.
Айта кетейік, чемпионат осымен үшінші жыл қатарынан өтуде. Қа­тысушылардың ше­берлігін KHAMA PARK мейрамхана кешенінің, «Айсер» мейрамханасының, «Метакон» ЖШС, «Раушангүл» ЖШС, «Шагиева» ЖШС, «ТАТЭК» АҚ оқу орта­лығының, әскери-техникалық мек­тептің мамандары бағалайтын болады.
Байқаудың өңірлік кезе­ңі­нің жабылуы мен жеңімпаз­дарды марапаттау салтанаты (Гран-При – 25 000 теңге, 1 орын – 20 000, 2 орын – 15 000, 3 орын – 10 000) 25 сәуір күні өтті. Бай­қау жеңімпаздары World Skills Ka­zakhstan аймақа­ра­лық кезеңіне қа­тысуға жолдама алды.
Еске салсақ, шараның ұйым­­­­дас­тырушылары Білім бе­ру басқармасы мен Алматы об­­лы­­сы­ның Кәсіпкерлер палатасы.

Диас БЕЙСЕНБЕК


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру