Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

Алғашқы тоқсан көңіл қуантады

ОҚО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі 6,8 пайызға артты

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде биылғы жылдың 17 сәуірінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен селекторлық режімде аппараттық мәжіліс өткен болатын.

Жиын барысында 2018 жылғы 1 тоқсандағы әлеу­меттік-экономикалық даму қорытындысы және эконо­миканың нысаналы өсу инди­каторларының орындалу барысы қаралды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша облыста негізгі макроэконо­ми­калық көрсеткіштерінің өсімі орын алғанын өңірдің эко­номика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов айтып берді. Оның айтуынша, аймақта өнеркәсіп өнімінің көлемі 216,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға артқан. «Жұмыс іс­теп тұрған шағын және орта кә­сіпкерлік субъектілерінің саны 180 818 бірлікті құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға, ал ауыл шаруа­шылығының жалпы өнім кө­лемі 69,4 млрд теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға еселенген. Бұдан бөлек, облысқа 207,3 млрд теңге инвестиция бағытталып, 2,5 есеге өсті. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада алғашқы орында, үлесі жағынан 2-орында көрінеді. Баяндамада мәлім болғандай, өңірде жыл басынан бері жалпы алаңы 198 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілген. Осы уақыт аралығында 2 428 жаңа жұмыс орны ашылған.
Күн тәртібіндегі екінші мә­селе бойынша баяндама жа­саған Облыстық қаржы бас­­қармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев бірінші тоқ­санда жергілікті бюджетке 31,8 млрд. теңге түсіп, кірістер жоспары 114,6 пайызға орындалғанын атап өтті. Осындай есептерді мұқият тыңдаған аймақ басшысы Елбасының жариялаған бес әлеуметтік бас­тамасының орындалуын тұ­рақты түрде бақылауды жә­не индикаторлардың орындалуы бойынша жұмыстарды күшейте түсуді тапсырды. Сонымен қатар, барлық аудан, қала әкімдері мен тиісті сала басшыларына терең өңдеу ісі мен абаттандыруды қолға алуды және әр апта сенбілік ұйымдастыруды жүктеді. Бұ­дан басқа әкім халықты ең­бекке белсенді жұмылдыру мә­­селелері мен мемлекеттік қыз­меттің сапасын жақсарту жайына баса назар аударды.

Ибрагим Бекмаханұлы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру