Валюта бағамы: $ 360.12 409.67 5.33 ¥ 52.34

Ұлттық банктің талабы таудай

«Алайда, инфляциядан қашып құтыла алмаймыз», дейді сарапшылар

ҚР Ұлттық банкі АҚШ Ресей Федерациясына қарсы санкциялар енгізгеннен кейін теңгенің долларға қатысты бағамының әлсіреуіне жауап ретінде өз саясатын қатайта қоймады. Әйтсе де, Қазақстан мен Ресейдегі тұтынушылық бағалар өзгеруінің статистикасы өзіне назар аудартады, дейді белгілі экономикалық шолушы Төлеген Асқаров.

Бұл ретте әдеттегідей, ұлттық ва­лю­таның әлсіреуінен соң, іле-шала, белгілі бір уақыт кешеуілінің ізін ала, тауарлар бағасына және халық үшін ақылы қызметтерге бағалардың өсуін де күте беріңіз. Жаңа америкалық санк­циялар күшіне енген уақыт ара­лығында, рубльдің шамамен 10%-ға, ал тең­генің 3%-ға әлсірегенін ескерер болсақ, біздің елдерімізде ин­фля­ция өсуін күтуіміз – өз-өзінен бел­гілі жайт.
Мұны күнделікті тіршілігіміздегі кездесіп жүрген қызметтер аужайынан да аңғара аламыз. Мәселен, іс жүзінде салған жерден әуе тасымалдаушылары халықаралық рейстерге тарифтерін көтергені туралы жария етті, өйткені олардың қызметіне баға қою шетелдік валю­таның құрамдас бөлігіне тіке­лей байланыс­ты.
Ресейлік БАҚ-тар хабарламасы бойынша, еуропалық өндірушілер тұрмыстық техникаларға сатып алу бағаларын 5-10%-ға көтеретіні туралы ескерткен.
Сондай-ақ автомобильге, жылжымайтын мүлікке, импорттық азық-түлік өнімдеріне, т.б. тауарлар мен қызметтерге бағалар өседі деп күтілуде.

Бағалар аздап  болса да көтерілуде

Тұтынушылық нарықтың тең­ге мен рубль әлсіреуіне алғаш­қы әсерінің ресми бағалануы төмен­дегідей өрбіді: Қазақстан ста­тис­тері 3 сәуірден 10 сәуірге дейін, құрамына 19 атауы кірген, әлеу­меттік-маңызды азық-түлік тауарлары 0,2%-ға артқанын хабарлайды.
Бұдан жоғары деңгейге қымбат­та­ған мыналар:
• күріш (0,3%),
• ірімшік (0,5%),
• сары май (0,4%),
• картоп (0,6%),
• сәбіз (0,9%),
• ақбас қырыққабаты (4,2%),
• құмшекер (0,8%).
Осы кезеңде арзандағандары:
• қарақұмық жармасы (1,5%),
• тауық еті, анығырақ айтқанда, сан жілік пен жіліншік сүйек (0,1%),
• түйінді пияз (1,9%)
• тұз (0,2%). (1-таблица)

Қазақстанның ірі қалалары арасында жалпы деңгейден жоғары:
• Ақтау (0,4%),
• Көкшетау (0,5%),
• Орал (0,5%),
• Шымкент (0,5%),
• Талдықорған (0,5%),
• Өскемен (0,3%),
• Павлодар (0,3%).
Көріп отырғандарыңыздай, не­гі­зінен бұлар Ресеймен шекаралас аймақтар.
Қызылорда мен Таразда бағалар 0,1%-ға төмендеген, ал Алматыда және Қарағандыда өзгермеген.

Көрші елде инфляция әбден сезіледі

Біздегі есепшілерге қарағанда, ресейлік статистиктердің ауқымы кеңірек – олар маңызды тауарлар мен қызметтердің 64 түріне тұтынушылық бағаларды апта сайын елдің 276 қаласында тіркеп отырады. Онда 3-інен 9-ыншы сәуірге дейін бағалар 0,1%-ға өскен.
Инфляциялық екпінге 1,2%-ға қымбаттаған тауық жұмыртқасы арқау болған, бұл Пасха тойлануымен әбден лайықты бағаланады, шошқа еті, құмшекер (0,6%-дан), тарының сөгі (0,4%-ға), жемістер мен көкөністер (1,2%-ға) қымбаттай түскен. Соңғылар қатарында мей­лінше қымбаттағандары – сәбіз (3,5%-ға), картоп (1,5%-ға), жаңа піскен қызанақтар (1,9%-ға), алмалар (1,2%-ға), ақбас қырыққабаты (2,5%-ға) .
Ресейде жағармай осы кезеңде 0,1%-ға, дизель отыны – 0,2%-ға қымбаттаған. Онда арзағандары – қарақұмық жармасы (0,9%-ға), сары май, балық (0,1%-ға), күн­бағыс майы (0,2%-ға), ұн (0,3%-ға) және сүт (0,1-0,3%-ға). (2 және 3-таблицалар)

Басты банктер бақталасы

Біздің Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені +/- 1% жылдық дәлі­зімен 9,5%-дан 9,25%-ға дейін 2018 жылғы үшінші рет төмендетуі дәл қазір Центробанктің (Ресей банкі) нақ осы тектес іс-қимылдары қасында тосын сый бола алмай қалды.

Көрші елдің басты банкі наурыз айының аяғында негізгі мөлшер­лемесін 25 базистік пунктке жылдық есеппен 7,25%-ға (бұл жыл­дық ин­фля­цияның 2,4% деңгейі жағда­йын­да) дейін түсірген болатын. Сонымен бірге Центробанк осы биылдың өзінде нейтралдық ақшалай-кредиттік саясатқа көше отырып, мұндай төмен­детуге бұдан әрі де даяр екенін жария­лады.
Ал Қазақстанда болса, сол наурызда жылдық инфляция ақпанмен салыстырғанда 6,6%-ға дейін көтері­ліп, Ұлттық банк бұған аса қинала қой­маған-ды.
Сарапшылар Данияр Ақышевқа сілтеме жасап, біздегі шешімдер орта­мер­зімді бағалауларға негізделе­тінін айтады. Бағаларды осындай есеп­теу­лермен бұғаттауға бекінген Ұлттық банк ұстанымы қаншалықты ақ­тала­ты­нын алдағы уақыт көрсетеді, әрине.
Біздің басты банктегілер инфляция 2018 жылдың аяғына дейін және 2019 жылы да баяулайтынын, сыртқы нарықтардағы инфляциялық бол­жал­дардың төмендейтінін және жал­пы жағ­дай­лардың бірқалыпты сақ­та­ла­ты­нын болжайды.
Енді тек Центробанктің қалай жауап беретінін күту ғана қалды. Ресейлік банк директорлар кеңесі 27 сәуірде негізгі ставканың деңгейі туралы мә­селені қарайды да, статистиктердің есеп­теулері бойынша сәуірдегі инфляция бағасын береді. Банктер бақталасы немен тынарын: қай елде бағалардың қаншалықты қымбаттағанын да сол кезде білеміз. Бұл кезекті шолуымыз­дың арқауына айналмақ.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру