Валюта бағамы: $ 356.54 419.43 5.42 ¥ 51.86

Жігерлі жастар – ел ертеңі

Алматыдағы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде инженер-мұнайшы жастардың дәстүрлі «Каспий Петроконгресс 2018» ғылыми форумы өтті. Дәстүрлі Конгресс шарасы еліміздегі және ТМД елдерінің инновациялық жаңалықтарды ашуға талпынған жас таланттардың үнемі басын қосып келеді. Бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан шараға BGKazakhstan, BakerHughes, Maersk Oil Kazakhstan GmbH, Weatherford, OMVPetromS.A, Chevron, Schlumberger, Tengizchevroil, Halliburton, arachaganakPetroleumOperating, MISWACO, OMVPetrom, KAZENERGY, NCOC сынды мұнай компаниялары демеушілік танытып келеді.

Шараның ашылу рәсімі уни­вер­си­тет­тің академиялық мәсе­лелер жөнін­дегі проректоры Ринат Искаковтың құттық­тау сөзінен басталды. «Шеврон» ком­па­ниясының өкілі Айгүл Харви, ТШО-ның өкілі Ақылбек Қамыс­паев, SPE Ресей және Каспий өңі­рінің президенті Айжан Жүсіп­бе­кова, Кон­­грес­тің ұйым­дастырушысы Сұлтанбек Темірхан сөз алып, еліміздің экономикасының гүл­де­­нуіне жастардың қосатын үлес­терін атап өтті. Ашылу рәсімі Сәтбаев уни­вер­ситетінің өнерлі студенттерінің күшімен ұйымдас­тырылған шағын кон­церт­тік бағ­дар­ламаға ұласты.
Аталмыш университетте мұнайшы инженер студенттерден құралған SPE қоғам­дастығы мен Тіркеу кеңсесі қаржылай көмек көрсету бөлімінің ұйымдас­ты­руымен «Каспий Петро­кон­грес­інің» аясында жыл сайынғы бос орын жәрмеңкесі де өткізілді. Бос орын жәрмеңкесіне 50 компания қатысты, олардың ішінде Schlumberger, «ҚазТрансОйл» АҚ, Baitau Partnetrs, «Қазақмыс» корпорациясы, «Филипп Моррис Қазақстан», «Каспий­мұнайгаз» ҒЗО, «Базис» құрылыс компаниясы, Бюро Веритас Казахстан, ILF Consulting Engineers, Борусан Макина Қазақстан, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты және тағы басқа да беделді компаниялар болды. Бұл шараға 1500-ден астам студент қатысып, жұмысқа орналасуға қатысты өз қабілеттерімен бөлісті.
Жәрмеңке барысында Schlum­berger компаниясының өкіл­дері мұнай маман­дығының студент­тері мен бітіруші түлек­теріне шеберлік сағаттарын өткізсе, Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өкілдері түлектерді жұмысқа алу мақсатында «Металлургия», «Логистика», «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтарының студенттерімен өзара сұхбат жүргізді. Аталмыш іс-шараға белсенді түрде қатысқаны үшін компания өкілдеріне алғыс ретінде сертификат пен Satbayev University бренд­тік өнімдері бар сый-тартулар ұсы­ныл­ды.
Бос орын жәрмеңкесі екі жыл қата­рынан Петроконгресс аясында өткізілді. Аталмыш іс-шара жұмыс беру­шілер арасында үлкен мәртебеге ие, себебі оқу бітіруші көптеген түлектермен бірнеше сағат ішінде танысуға және ком­па­ниялардың әлеуетті қызметкерлер жайлы мәліметтер базасын толықтыруға мүмкіндік береді. Ал түлектердің мәрте­белі компаниядан жұмыс жайлы тартымды ұсыныс алуға мүмкіндігі болады.
Білімді де, жігерлі жастарды тәр­биелеп жатқан бұл универ­ситеттің жас­тарының бола­шағы жарқын. Солардың бірі – Айзада Ғаниева үш тілді, технологияны терең мең­геріп, қазірдің өзінде зор жетістікке жетіп үлгерді.
Инженер-мұнайшы форумы бұ­дан 15 жыл бұрын басталған болатын, дегенмен соңғы 2 жылда аталмыш шара ірі мерекеге айналды. Әсіресе, «Job Fair» бос жұмыс орны кезінде ірі компаниялар университетте оқып жүрген жастардың аяқ алысы мен жұмысқа қабілеттілігін байқады. Қазіргі таңда еліміздегі және көршілес мемлекеттердегі іргелі зауыттар мен компаниялар Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде оқи­­тын жастарды көбірек жұмысқа алады. Өйт­кені, еліміздегі нөмірі бірінші тех­ни­калық жо­ғары оқу орнының білім сапасы мен тәжірибесі өте жоғары.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру