Валюта бағамы: $ 370.49 421.06 5.54 ¥ 53.84

Бюджет қаражаты қалай пайдаланылуда?

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мемлекеттік органдар тарапынан бюджет қаражатының орынсыз пайдаланылуын сынға алды.

Төменгі палатада «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Н.Нығматулин әлеуметтік зерттеулер мен консалтингке қосымша қаражат бөлу қаншалықты тиімді деген мәселені қозғады.
Мәжіліс төрағасы әлеуметтік зерттеу жұмыстары мен консалтингілік қызметтер мәселесі реттеуді қажет ететінін айтты. Мәселен, 2018 жылға арналған бюджетке әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 17 мемлекеттік орган қазірге дейін 7,2 млрд теңге салған. Сондай-ақ айқындалған бюджетте әлеуметтік зерттеулер үшін тағы да 3,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Осы ретте ол бірқатар көрсеткіштер мен жағдайларды салыстырып көруді ұсынды.
– Дәл осы бюджетте мүгедектерді бағатын адамдарға бөлінетін жәрдемақы үшін 2,7 млрд теңге қарастырылуда. Жуырда болған су тасқындарына байланысты ІІМ қазір осы бағытта 1,6 млрд теңге бөлгелі отыр. Бізде әлеуметтік зерттеу саласында су тасқындарынан да зор төтенше жағдай туындап отыр ма? – деді ол.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру