Валюта бағамы: $ 327.42 383.51 5.29 ¥ 51.26

Кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін жауапкершілікке тартылған

Талдықорғанда Алматы облысының кәсіпкерлері мен инвесторларының ІІ форумы өтті. Шарада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасындағы Жол картасының қорытындысы айтылып, өзара ынтымақтастықтың жаңа бастамалары таныстырылды.

Форум модераторы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы өңір­лік кеңесінің төрайымы Римма Са­лықова аймақ кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін әкімшілік ке­дер­гілерді азайту, сондай-ақ бір­лес­кен іс-қимылдарды жүзеге асыру бой­ынша ұсыныстар енгізуде атал­мыш шараның маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев өз сөзінде мемлекеттік органдардың есеп беру және бағалау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ сыртқы бағалау меха­низмдерін анықтау арқылы қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әр­түрлі нысандарын құру кәсіпкер­лер қоғам­дастығының мемлекетке деген се­німін арттыратынын жеткізді.
Форумда Алматы облысы Кәсіп­керлер палатасының директо­ры Нариман Әбілшайықов «Ата­мекен» ҰКП қызметінің басты нәти­желеріне тоқ­талды. Облыстық палата басшысы ҰКП мен Үкі­меттің бірлескен жұ­мысының арқа­сында Салық және Ке­ден кодекс­теріне елеулі өзгерістер енгізіліп, бизнесті қайта реттеу, қыл­мыстық заңнаманы ізгілендіру бой­ынша ауқымды жұмыстар атқа­рыл­ғанын айтты.
«2018 жылы бизнеске бағыттал­ған 23 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша рұқсатнама құ­жаттарды ре­инжи­нирингілеу жә­не 584 қыз­мет­ті оңтайландыру бойынша жұ­мыс жалғастырылады. Өңірдегі қор­да­ланған мәселелер Кәсіпкер­лер­дің құқы­ғын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңе­сінің отырыстарына шыға­ры­лады. Кеңес құрамына құқық­ қор­ғау орган­да­­ры­ның басшылары мен қоғам қайраткерлері мүше. Жергі­лікті құрамды дамыту мен үлесін арттыру мақсатында жұмыс комиссиясы құрылған, онда әкімдіктер мен салалық басқармалардың жұмыс нәтижелері тыңдалады», – деді Нариман Әбілшайықов. Отан­дық өндірушілерді қолдау жө­нін­де айта келе, Нариман Әбіл­шайы­қов әкімдіктер мен мемле­кеттік органдардың ресми интернет-ре­сурс­тарында мемлекеттік сатып алу туралы өзекті ақпараттың жоқ­тығына назар аудартты. Аталмыш мәселе Жетісу кәсіпкерлері алдын­дағы кедергілердің бірі болып отыр.
Спикерлер соңғы жылдары елі­міз­дегі сыбайлас жемқорлыққа қар­сы саясат түбегейлі өзгеріп, түрлі шаралар қолға алынғанын айтты. Алдын алу шаралары – бұл стра­тегиялық мін­деттердің бірі болып табылады.
«Біздің тарапымыздан шағын және орта бизнес өкілдерін қыз­­мет­­теріне заңсыз араласудан сақ­тау үшін барлық шаралар қол­да­ны­лып келеді. 2015 жылдан бастап қазірге дейін облыс бойын­ша шенеуніктердің кәсіп­керлік субъектілері қызметі­не ара­ла­суының 41 фактісін анық­тал­ған. Сотқа дейінгі тергеу­дің бірың­ғай тізілімінде 95 қылмыс­тық іс тіркелген. Қылмыстық жа­уап­кер­шілікке 59 лауазымды тұлға, түрлі жазаға 52 лауазымды тұлға тартылған. Жалпы 72 кәсіп­кер­лік субъектісінің құқығы қорғалды», – деді облыстық Ұлттық бюро басшысы.
Шара соңында Алматы облысы бойынша Мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнін­дегі Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті мен Алматы облысы­ның Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес және кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қор­ғау жөніндегі ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қой­ылды.

Диас БЕЙСЕНБЕК


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру