Валюта бағамы: $ 366.86 424.49 5.6 ¥ 53.02

Дәнді дақылдар экспорты ауқымды

Осы жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан бидайды сыртқа сату бойынша 6 жылғы ең жоғары жетістігіне жетті – оның үстіне бұған қоса арпа мен ұнды экспорттау бойынша көпжылғы рекордын да жаңартып отыр. Рекордтық көрсеткіштерге жету ішінара өнімдерге бағалардың төмендеуі есебінен жүзеге асқанын айта кету керек.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айла­рының қорытындылары бойынша біздің еліміз, ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) құрамына кір­мейтін елдерге 1 млн 48 мың тонна бидайды экспортқа шығарыпты. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштерден 2,2 есе жоғары, сон­дай-ақ соңғы 6 жылдағы ең үздік көрсеткіш болып табылады.
Сатудан түскен табыс 4-жылдық жоғары көрсеткішті – 160,6 млн долларды, яғни 2017 жылдың қаңтар-ақ­паны көрсеткіштерінен 216,4%-ға жо­ғары екенін аңғартады.
Жалпы алғанда, қазақстандық бидайды өткізудегі басты нарық Өзбек­стан болып қалып отыр – мұнда өнімнің жартысына жуығы өткізіледі.
Жылдың алғашқы 2 айында экс­порт 487 мың тоннаны құрап, 56,9 млн теңгеге (қос көрсеткіш те был­тыр­ғылардан 2,2 есеге асып түсе­ді) бағаланған.
Экспорттаушылардан екінші орын­да Тәжікстан – 127,9 мың тонна бидайды 19,1 млн долларға (өсім көлемі жағынан 7,4% және ақшалай 1,9%) сатып алған.
Бұл жерде өнім өндірушілердің кейбір елдермен қарым-қатынасты қайта нығайтып жатқанын айта кету қажет.
Мәселен, Әзербайжанмен бидай сату сонау 2014 жылы тоқтап қалған еді, бірақ 2018 жылдың алғашқы 2 айының қорытындысы бойынша онда 36 мың тоннадан (6 млн долларға) аса сатылып, бұл көрсеткіш 2017 жылғы­дан 12 есеге асып түскен (1-инфографика).


Түркия тарапынан да қызығу­шылық қайта оянған тәрізді, олар таяу жылдарға дейін басты сатып алушылар болған: мұнда 2017 жылдың қаңтар-ақпанында 1,4 млн долларға 6,1 мың тонна бидай сатып алынған болса, биылғы осы кезеңде 20,3 млн долларға 93,3 мың тонна сатып алыпты. Ауғанстанға экспорттау да – 16,5 млн долларға (былтыр 4,3 млн) артып, 99 мың тонна (2017 ж. – 24,7 мың тн) бидай көлеміне жеткен (2-инфографика).


Әйтсе де, өнім жөнелтудің өсі­міне қарамастан, бағалардың аздап болса да төмендеуі байқалады. 2018 жылдың қаңтар-ақпанында сатылған бір тонна бидайдың орташа құны 153,2 доллар құраған – бұл 2017 жылдың көрсеткіштерінен 2,3 долларға төмен. Өзбекстанға өнім сату әлдеқайда төмен – тоннасына 117 доллар (бір жылға -1,7 доллар).

Ұнның үштен екісі  Ауғанстанға жөнелтіледі

Ұн өндірушілер де экспортты белсенді түрде арттыруда: жылдың басы кем дегенде соңғы 8 жыл бедеріндегі ең табысты кезең болып отыр. Биылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерінен тыс 443,9 мың тонна ұн сатылған – бұл бір жыл бұрынғыдан 55,2%-ға артық. Іс жүзінде бүкіл көлемі дерліктей экспорт ауқымы 2 елге – Өзбекстан мен Ауғанстанға тиесілі. Алайда, өнімді өт­кізу нарығының артықшылығы өз­геруде (3-инфографика).
2015 жылдың өзінде қазақстандық ұнның жартысы Өзбекстанға сатылса, ал одан да бұрын, 2011 жылы, бұл нарықтың экспорттағы үлесі 78%-дан асып түскен болатын. 2018 жылдың қаңтар-ақпанының қорытындысы бойынша осы өнімді өткізудің 30%-ы ғана (132,6 мың тонна) Өзбекстанға тиесілі болып отыр.
Ауғанстан керісінше, сұранысын арттыруда: сөйтіп, бұл ел экспорттық ұнның (289 мың тонна) үштен екісін сатып алды, ал 2103 жылы олардың үлесі 10%-ды ғана құраған еді.
Сату ауқымының көпжылдық рекордтарды бұзуына қарамастан, одан түсер табыс көлемді емес.
2018 жылдың алғашқы 2 айында 160,6 млн долларға (бір жыл бұрын – 74,2 млн) мәміле жүзеге асқан, десе де, 2014 жылы осындай кезеңде сатылым 178,5 млн долларды құраған екен. Алайда, теңгеге шаққандағы өсім, бұдан 5-жылдық бұрынғы көрсеткіштермен салыс­тырғанда, айтарлықтай (4-инфографика).
Мұның үстіне, қазақстандық өн­дірушілердің ұндары бағасын жо­ғал­­тып жатқаны – бұлтартпас факт. Ауғанстан нарығында беки түсу баға­лардың 4-жылдық төмендеуі аясында, ал Өзбекстанға өнім сатылуы­ның құны 2013 жылдан бергі жағдай ретінде қалыптасып отыр.

Арпаны сату – ең жоғары деңгейде

UkrAgroConsult порталының мәлі­мет­терінше, арпаны экспорттау қазір Қазақстанда шырқау шегіне жеткен – сату ауқымының мұндай жоғарылығы 25 жылдан бері болмаған екен.
«Қазақстан 2017/18 жж. қыркүйек-ақпанда 925 мың тоннадан астам арпа экспорттапты, бұл 2017 жылғыдан 75% артық. Бұл бүкіл 2016/17 қаржылық жылда экспортталғаннан 32%-ға ар­тық деген сөз. Ағымдағы маусымда экспорттық бағыттардың кеңеюі ЕО (Еуроодақ) есебінен болып отырғаны байқалады, нақ осы нарық арпаның сатылу көлемі жалпы аумағының 2%-ын жұтып қойған», – деп хабарлайды порталдан.
Басты қа­зақстандық арпаны сатып алушы – Иран. 2018 жылдың қаң­тар-ақпа­нын­да бұл елге 359,1 мың тонна өнім (2017 жылға қатысты – 231,4%) жалпы сомасы 57,9 млн долларға (262,4%) сатылған.
Мына мәселені де айта кеткен жөн болар. Мұның үстіне арпаның құны ұн мен бидайға қарағанда, 2018 жылы жоғарылап кеткен – сатылымның орташа бағасы тоннасына 141-ден 160 долларға дейін артқан.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру