Валюта бағамы: $ 366.86 424.49 5.6 ¥ 53.02

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛЕДІ

«Kazakhmys Holding» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының өндірістік қуатын 100% қалпына келтіреді.
Қазақмыс холдингі «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының өндірістік қуатын 2-кен қыздыру пешін іске қосу және жаңа күкірт қышқылы цехын салу арқылы 100% жеткізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім «Kazakhmys Holding» ЖШС стратегиялық даму бағдарламасы аясында кеніштер мен фабрикалардың әлеуетін ескере отырып жасалды, деп хабарлайды компанияның бспасөз қызметі.
2009 жылы қолжетімді шикізат көлемінің азаюына байланысты зауыт бір кен қыздыру пешімен жұмыс режіміне көшкен болатын. Мыс құрамды шикізат көлемінің ұлғаюы мен болашақта Ақтоғай және Бозшакөл кен байыту фабрикаларының іске қосылатыны ескеріліп, екінші кен қыздыру пешін іске қосу туралы шешім қабылданды. Бұл «Kazakhmys Holding» ЖШС-нің әлемдік мыс өндіру нарығында бәсекелестік қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жалпы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында аймақта жаңа күкірт қышқылы цехын салу жоспарланған. Төртінші өндірістік революцияны жүзеге асыру аясында жаңа энергия үнемдеуші технологиялар енгізіледі және қол еңбегін азайту үшін автоматтандыру деңгейі артатын болады. «Жезқазған мыс балқыту зауытын толық қуатында іске қосу және күкірт қышқылы цехын салу бәсекеге қабілеттілікті арттырудан бөлек, Жезқазған аймағы үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Тұрақты жұмыспен 600-дей адам қамтамасыз етілетін болады. Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер жүздеген миллион теңгеге өседі», – дейді «Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры Әділет Барменқұлов.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру