Валюта бағамы: $ 363.26 420.11 5.54 ¥ 52.45

Шаршы тақтадағы тартыс

Алматыдағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу институтының спорт кешенінде ұстаздар қауымы мен студенттер арасында шахматтан дәстүрлі жарыс жалғасын тапты. Жарысқа қаладағы әртүрлі жоғары оқу орындарынан және қаламгерлерден барлығы 36 спортшы бақ сынады.

Сайыс 10 минуттан, яғни әрбір ойынға 20 минуттан, 7 партия бойынша швейцар жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Нә­­­ти­жесінде 6 ұпай жинаған 4 спорт­­шы бірдей ұпайды еншіледі. Алай­да Бухгольц коэффициенті, бы­лайша айтқанда футболдағы доп айырмашылығы сияқты қосым­ша көрсеткіш бойынша жеңімпаз бен жүлдегер анық­талды. Қорытындысында 26 коэффициент жинаған Дүйсенбек Бердияров – бірінші, Тұрарбек Бегімов (22 коэффициент) – екін­ші, Нұрлан Құмар (20 коэффициент) – үшінші орынды еншіледі. Ал 18 коэффициент олжалаған Мұрат Сәбит төртінші орынды еншілеп, жүлдеге бір табан жақын қалған еді. Әйелдер арасындағы бәсекеде 5 ұпай жинаған Пану Әбдіқасова жеңімпаз атанса, ал 2-3 орындарды Жансая Орынбекова мен Мадина Айдарханова өзара бөлісті. Екеуінің де жинаған коэффициенті 11 бол­ған­дықтан бірдей орынға жай­ғас­қан болатын. Студенттер бә­се­кесінде 5 ұпай олжалаған Нұрлан Жұмагелді (17 коэффициент) – бірінші, тура 5 ұпай еншілеген Сержан Көшербай (16 коэффициент) – екінші, ал 4 ұпай алған Айдос Бимуратов үшінші орынға жайғасты.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру