Валюта бағамы: $ 327.92 399.31 5.23 ¥ 51.87

Өңірлер дамуы – өткір назарда

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев өңірлердің экономикасын дамыту бойынша 2018 жылға арналған мақсатты индикаторларға қол жеткізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Үкімет мүшелері жиналған кеңес барысында Астана әкімі Ә.Исекешев, Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Ақсақалов ағымдағы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар және экономика салаларын дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңғырту және цифрландыру жұмыстарын жүргізу, инвестициялар тарту және еңбек өнімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша 2018 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.
Елорданы дамыту тұрғысынан туризм, сауда, жаппай кәсіпкерлік, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту, оның ішінде еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту және еңбекке жұмылдыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Облыстардың жұмыста­рының бағыттары агро­өнеркәсіп кешенін, туризмді, білім беру саласын, денсаулық сақтау саласын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ индустрияландыру, өнімді жұмыспен қамту, қаржылық тұрақтылық, технологиялық жаңарту және экономиканы цифрландыру салаларына негізделген.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру