Валюта бағамы: $ 327.92 399.31 5.23 ¥ 51.87

Халық табысы төмендеп кеткен

Еліміз тұрғындарының атаулы табыстарының жыл сайынғы өсіміне қарамастан, халықтың сатып алу мүмкіншілігі екі жыл қатарынан қысқарған. 2017 жылы қазақстандықтардың орта есеппен жан басына шаққандағы табыстары 6,5%-ға өскен. Алайда, тұтыну бағаларының өсіп кетуі себепті, бұл табыстардың сатып алу қабілеті 0,9%-ға қысқарған, деп хабарлайды Finprom сайтынан.

Табыстардың ең жоғары дең­гейі – Атырау облысында: бір тұр­­ғынға статистикалық орта есеп­­пен 1,7 млн теңге, бұл мұнан бір жыл бұрынғыдан 1,8% артық. Оның үстіне облыс тұрғындары табыс­та­рының сатып алу қабілеті бірден 6,4%-ға қысқарған.
Сондай-ақ екі астанамыз да көшбастаушылар қатарында. 2017 жылы астаналықтардың табы­сы орта есеппен 1,6 млн теңге, алматылықтардікі – 1,5 млн теңге құраған.


Екінші мұнайлы аймақта – ҚР-да орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы табыс деңгейі бойынша төртінші орындағы Маң­ғыстау облысында 4,2%-ға төмендеу тіркелген. Бұл көрсеткіш минусқа түсіп кеткен жалғыз аймақ. Облыс тұр­ғындары табыстарының сатып алу мүмкіншілігі бірден 10,2%-ға қыс­­­қарған.
ҚР тұрғындарының атаулы та­быстарының жыл сайынғы өсі­міне қарамастан, халықтың са­тып алу мүмкіншілігі екі жыл қа­тарынан қысқара түсуде.
2016 жылы инфляция табыстар 13,7% өсімін «жұтып» қойған және де нақты сатып алу қабілеті 0,7%-ға төмендеп кеткен.


2017 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен табыс алған қазақстандықтар 2,4% болған, яғни ҚР тұрғындарының 436 мың адамын құраған.
Айта кету керек, мұндай тө­менгі деңгей қаладағы тұрғын­дар­­­дың 1,1%-ын құраса, ауылдық жер­­­лердегілердің – 4,1%-ын құра­ған.
Мұнан басқа еліміздің 0,1% тұр­ғындары азық-түлік себеті құ­­­ны­нан төмен табыс тауыпты (ау­ыл­­дық жерлерде – 0,3%).
2013-2017 жылдары халық­тың шығындары табыстарына қарағанда баяуырақ өскен. Аталмыш бесжылдықта қазақстандық­тардың табыстары ақшалай түрде 36%-ды құраған, сөйте тұра шы­ғындары 30,5% артқан.
2018 жылдың ақпанында Қа­зақ­­стандағы орта есеппен атау­лы еңбекақы 151 482 теңгені құра­ған. 2018 жылғы наурыздағы күн көріс деңгейінің көлемі 26 196 тең­ге құраған.

Иса ҚАМБАР

Мақала ҚР ҰЭМ СК мәліметтері
негізінде дайындалды


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру