Валюта бағамы: $ 370.11 419.37 5.58 ¥ 53.73

Барыс-келіс, алыс-беріс

Павлодар облысы мен Ресейдің Түмен облысы арасында барыс-келіс, алыс-беріс өте жақсы. Екі аймақтың экономикалық ерекшеліктері бар болғанымен, ұқсас өндірісі де аз емес.

Атап айтсақ, екі облыста да мұнай өңдеу және химия салалары, көмір мен ағаш өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен соңғы жылдары қарқын­ды дами бастады. Осы бағыттар­дағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі жақсарту мақсатында екі өңірдің билігі мен бизнес қауымдастығы қандай мәселе­лерге назар аударғаны жөн? Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бастаған делегацияның сәуір айының алғашқы аптасында көршілес Түмен өлкесіне келгендегі басты мақсаты осы еді.
Түмендіктерден үйренетін үрдіс көп. Әсіресе ауыл шаруа­шылық саласындағы толымды тә­жірибелері таратуға тұрарлық. Соның бірі – Түмендегі сүт зауыты. Бірегей кешендегі мал асыл тұқымды. Жұмыс процесі – заманауи жаңа технология. Сондықтан болса керек, өнімді­лік пен тиімділік те жоғары. Түмендік­тердің тәжірибесін пайдалана отырып, Павлодар өңірінде де осындай ауқымды сүт өндірісін ашуға толық мүмкіндік бар. Кездесу барысында екі аймақ арасында осы бағыттағы іскерлік байланысты дамытудың жай-жапсары талқыланды.
Павлодар облысына кейінгі жыл­дары инвесторлар қызығушы­лық таныта бастады. Бұл жайдан-жай емес. Өйткені экономиканы өркендетудің бірден-бір жолы – инвестиция. Олардың тиімді де табысты жұмыс істеуі үшін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы ашылған. Онда Ресейлік кә­сіп­керлер де табысты жұмыс істеп отыр. Мысалы, жылына 250 мың тоннадан астам бастапқы алю­миний шығаратын өндірісті іске қосқан – новосібірлік инвестор­лар. Краснояр инвесторлары авто­мо­бильдің алюминий дискі­лерін өндіруді қолға алды.
– Түмендік инвесторлар мен кә­сіпкерлерді де қуана қарсы алуға дайынбыз, – деді Павлодар об­лы­сының әкімі Болат Бақауов.
Екі жақты кездесу барысында мұндай қарым-қатынастың қажет екендігін Түмен облысының губернаторы Владимир Якушев те баса айтты.
– Түмен облысы дамуының ма­ңызды факторларының бірі – ин­­вестиция, – деді Вдадимир Якушев. Өткен жылдың қорытынды­сына қарағанда, Түмен облысына тартылған инвестиция көлемі 19 пайызға өсіп, 295 миллиард рубльді құраған. Қазір облыс тізі­мінде 1,6 триллион рубль болатын 500 инвестжоба бар екен.
Түмен облысында да арнайы экономикалық аймақ бар болып шықты. Бірақ атауы басқа­ша – индустриалды саябақ. Об­лыстың ендігі экономикалық өсіп-өркендеуі осы индустриалды саябақпен тікелей байланыс­ты екен. Мұнда инвесторлар үшін бар­лық коммуникацияға қосылуға мүмкіндік бар. Же­ңілдіктер қарас­тырылған. Қар­жылай қолдау те­тік­тері де ес­керілген. Түмен облы­сының гу­бернаторы Владимир Якушев осындай жолмен павло­дар­­лық­тар­ға жеңіл және тамақ өнер­кә­сі­бінде, логистика мен саудада се­ріктес болуды ұсынды.
Бұл кездесу барысында тек эко­номикалық мәселелер ғана емес, ғылым-білім, рухани сала­лар­­ға байланысты ынтымақ­тас­­тықты дамыту жайлы да кең әңгі­ме болды.

Ғалым ОМАРХАН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру