Валюта бағамы: $ 341.18 392.97 5.34 ¥ 52.5

QS Stars – «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісіне ие болды

QS агенттігінің 2018 жылы жүргізген бес бағалау нәтижелері бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісін Қазақстанда бірінші болып иеленген Орталық Азия аймағындағы жалғыз университет болды.

0-ден 5 жұлдызға дейінгі QS рейтингісі жоғары оқу орын­дарының кең ауқымды қыз­метін белгілейтін және уни­вер­­ситеттердің жоғары халық­ара­лық стандарттарға сәйкес­ті­гін анықтайтын 50-ден астам көр­сеткіштерді кешенді талдау нәти­жесінде анықталады.
ҚазҰУ-ға QS «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісінің та­ға­йын­далуы университеттің жо­ға­ры халықаралық беделі мен жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігінде көш басшы­лық орынға ие екендігінің дәлелі. Артықшылық жұлдыздары уни­верситеттің мықты тұстарын көр­сетеді және серіктестер мен оқуға түсем деушілерге жоғары оқу орнын таңдауға жәрдемдеседі.
Осылайша, ҚазҰУ бірқатар көр­сеткіштер бойынша «5 жұл­дыз» иеленді, атап айтқанда, білім беру қызметтерін көрсету, интер­националдық деңгейі, инфра­құ­рылым және инклюзивті білім беру жүйесін дамыту.
ТМД елдерінде QS-тың төрт жұлдызы тек бес университетке берілгендігін атап өту қажет, олар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ресейдің төрт уни­верситеті.

Қанат Қуанышев


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру