Валюта бағамы: $ 352.54 415.15 5.31 ¥ 51.53

Судың да сұрауы бар

Су қымбаттады. Жыл ішінде ыстық су 9%, суық су мен кәріз тарифтері 3%-ке көтерілді. Биылғы ақпан айының қорытындысына қарағанда, еліміз бойынша орташа алғанда ыстық судың текше метрі 240,9 теңгеден айналды.

Ranking.kz зерттеулерінде көрсе­тіл­­гендей, еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде ыстық су Алматы шаһарының тұрғындарына қымбатқа түскен (текше метрі 515,7 теңгеден). Суық судың бағасы бір айда 1,3%-ке, жыл ішінде 3,3% өсті, ақпанда текше метріне 72,3 теңге болды. Бір текше метр суық су үшін Атырау тұрғындары басқалардан қым­бат төледі (113,5 теңге).
Кәріз қызметі бір айда 1,4%, жыл ішінде 2,5%-ке қымбаттады – текше метрі биылғы ақпанда 47,1 теңге. Ал, ең жоғарысы Қарағандыда – 96,4 теңге.
Баға одан әрі өсетін болады. Мәселен, Қостанай облысында 1 сәуірден су бағасы жаңа тарифтермен есептеледі. Су бағасы тұрғындар үшін 11%, заңды тұлғалар үшін 26%-ке жоғарылайды. Мұның негізгі себебін «Қостанай Су» компаниясы электр қуатының қымбаттауымен түсіндіреді. Сонымен қатар биыл кәсіпорында суды жаңа технология бойынша залалсыздандыру станциясын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сондай-ақ биыл Астана қала­сындағы есептеу құралдары қойыл­маған жекеменшік сектордың тұр­ғындары су ақысын өзгелерге қа­ра­ғанда екі есе қымбат төлейтін болады. Мұнда тариф өзгермейді, бұл «Астана су арнасының» суды пайдаланудың жаңа мөлшерін ен­гізуіне байланысты (№367−70 қау­лымен бекітілген).
Осыған дейін ҰЭМ-нің табиғи монополияларды реттеу, бәсеке­лестікті және тұтынушылар құқық­тарын қорғау комитеті 5 жыл­дық кезеңге белгіленген шекті тариф­тердің аясында биыл еліміздің 12 өңірінде сумен жабдықтау және су тарту қызметінің бағасы өзге­ретіндігін хабарлған болатын. Атап айтқанда, олар – Астана және Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Биылғы жылдың алғашқы екі айында еліміздің су шаруашылығы компаниялары 422,3 млн текше метр сумен қамтамасыз етті, бұл был­тырғыдан 1,3% аз. Жалпы еліміз бойынша ең үлкен көлем өнеркәсіпті Маңғыстау (41,1%) және Қарағанды (16,8%) облыстарының үлесіне тие­сілі. Екі айдағы ауыз су көлемі – 163,7 млн текше метр, былтырғы тиісті мерзімдегіден 2,4% аз. Бұл – еліміз бойынша су шаруашылығы кәсіпорындары қамтамасыз еткен жал­пы табиғи судың 38,8%.

Рымтай Cағынбекова


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру