Валюта бағамы: $ 367.06 416.17 5.56 ¥ 52.84

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық ойдағыдай

Жетпісбай Бекболатұлы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
кафедра меңгерушісі
e-mail: Zhetpisbay.Bekbolatuly@kaznu.kz

Сәуірдің шуақты күндері диқан қауым әдетте­гідейкөктемгі егістің қам-қарекетіне кірісіп те кетті. Алдын ала деректер бойынша үстіміздегі жылы егіс алқаптары 21,8 млн. гектарды құрамақ. Бұл іс жүзінде өткен жылғы деңгейде. Дәнді дақылдарды 14,7 млн. гектар алқапқа себу жоспарлануда, оның ішінде бидай – 11,4 млн. гектар, бұл 2017 жылдың деңгейінен 544 мың гектарға аз. Бұл ретте мал шаруашылығының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін азықтық дақылдар осы көлемге көбейетін болады, арпа, сұлы, жүгері, бұршақ сынды жемдік дақылдар 2,5 млн. гектарға егіледі, бұл өткен жылдың деңгейінен 49 мың гектарға артық. Майлы дақылдар бірінші рет 2,5 млн. гектар межеден асып, шамамен 2,6 млн. гектарды құрайды. Картопқа арналған алқап та өсіп, 210 мың гектарға жетті.
Ағымдағы жылғы егіске 2,6 млн. тонна тұқым дайындалды. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі бөлігі айналым қаражаты болмағандықтан себу үшін тұқым сатып алмайды және іс жүзінде жалпы репродукциядағы өз тұқымдарын пайдаланады. Осыған байланысты тұқым шаруашылығын субсидиялаудың мүлдем жаңа тетігі әзірленді. Бұл тетікті іске асыру 2021 жылға қарай үшінші репродукциядан төмен емес тұқым себуді 100 пайызға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өткен жылы субсидия нормасын пайыздық мәнде белгілеуден теңгемен белгіленетін абсолюттік нормативке көшіру бөлігінде минералды тынайтқыштарды субсидиялау тетігі өзгертілді. Нәтижесінде 2017 жылы минералды тынайтқыштарды қолдану көлемі 368,4 мың тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың деңгейінен 107,5 мың тоннаға немесе 41пайызға жоғары. Бұл ретте минералды тыңайтқыштарды қолдану төмен деңгейде қалуда және қажеттіліктің 14 пайызынан аспайды. 2018 жылға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 446,0 мың тонна тыңайтқышқа, оның ішінде наурыз-мамыр айларындағы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезеңінде 270,1 мың тонна тыңайтқышқа өтінім берген. Оның ішінде негізгі үлес «Қазфосфат» және «ҚазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің отандық өндіріс тыңайт­қыштарына тиесілі, бұл көрсеткіш 333,4 мың тонна тыңайтқыш көлемінде немесе 78 пайызды құрайды. 2018 жылға тыңайтқыштарды субсидиялауға жер­гілікті бюджеттерде 17,0 млрд. теңге көзделген.
Үстіміздегі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолымызда 142,6 мың трактор, өнімділігі жоғары 3,7 мың егіс кешені, 82,5 мың тұқым сепкіш, 297 мың топырақ өңдеу құралы бар. Облыстық әкімдіктердің деректеріне сәйкес 1 наурыздағы жағдай бойынша ағымдағы жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тракторлардың дайындығы 87 пайызды, егіс кешендерінің дайындығы 100 пайызды, тұқым сепкіштердің дайындығы 87 пайызды, топырақ өңдеу құралдарының дайындығы 88 пайызды құ­райды. Ағымдағы жылы диқандардың көктемгі дала жұмыстарына арналған дизель отынына деген қажеттілігі 375,0 мың тонна шамасында. Бұл ретте Энергетика министрлігі ағымдағы жылғы ақпан-маусым айлары кезеңіне өңірлерге дизель отынын жеткізу кестесін бекітті. Бұл мекеме мұнай өңдеу зауыттарынан шығару бағасын литр бойынша 130 теңгеден, тоннасын 156 мың теңгеден белгіледі, бұл ретте операторлардың жеткізуін ескерсек, өңірлердегі орташа баға литріне 146 теңгені құрайды, бұл жанармай құю станцияларында литріне 165 теңге болатын нарықтағы бағадан 13 пайызға арзан. Қазіргі кезде облыстардың операторлары ресурс ұстаушылармен шарт жасасу және наурыз айының көлемдеріне ақы төлеу рәсімін аяқтау үстінде. Өңірлерге дизель отынының 50 пайыздан астамы тиеп-жөнелтілді.
Қазіргі уақытта аграршылар «Ақпараттық-есеп­теу орталығы» акционерлік қоғамымен, энер­гети­ктермен және облыстық әкімдіктерімен бірле­сіп, агроөнеркәсіптік кешендегі көрсетілетін қыз­мет­­терді цифрландыру мен автоматтандыру жө­нін­дегі іс-шаралар аясында ауыл шаруашылығы тауа­рын өнді­рушілерге жеңілдетілген дизель отынына арналған квотаны minagro.kz веб-порталы арқылы электрондық түрде бөліп беру және сатып алу схемасын іске асыру жұмысын жүргізуде. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін бөлінген дизель отыны көлемін қалыптастыру және сату тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету веб-портал арқылы қамтамасыз етілетін болады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын бөліп беру жерді қашықтықтан зондтаудың спутниктік деректері, электрондық танап карталары растаған ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алқаптарының шамасына байланысты іске асырылатын болады. Сондай-ақ портал арқылы операторлар мен диқандар арасында электрондық шартқа қол қойыла отырып, дизель отынын on-line сатып алу-сату жүзеге асырылады. Мұның нәтижесінде диқандар арасында дизель отыны көлемінің дұрыс қалыптастырылып, бөлінуі, электрондық сауданың ынталандырылуы, нақты егіншілік элементтерінің енгізілуі күтіліп отыр.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру