Валюта бағамы: $ 370.11 419.37 5.58 ¥ 53.73

ЕДБ қоры толыға түсуде

Қазақстандық банктердің жинақ ақша салым қорларында шұғыл өзгеріс бар: көпайлық шегіністерден соң корпоративтік салымдар өрге басты. Заңды тұлғалардың үлесі 51,4%-ға артты, деп хабарлайды Ranking.kz агенттігінен.

ҚР екінші деңгейлі банктері (ЕДБ) салымдарының көлемі іс жүзінде өзгерген жоқ және 16,8 трлн теңге (+3,1 млрд тг, бұл бар жоғы +0,02%) құрады. Қаңтарда ЕДБ-лар жиынтық депозиттік қоры 0,6%-ға (+99,3 млрд тг) өскен (1-инфографика).
Корпоративтік салымдардың үлесті ауқымы 2018 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша бір жылда 54,1%-дан 51,4%-ға дейін өзгерді. Әйтсе де, одан бір ай бұрын бұлардың үлесі мұнан да аз – 50,7%-ды құраған. Жылдық көлемі 5%-ға (449,7 млрд тг), 8,6 трлн тг-ге дейін қысқарған. Сөйте тұра, қаңтарда бұл 2,1%-ға (173,8 млрд тг) өскенін көрсетеді.


Жыл бойғы бөлшек салымдар үлесі 45,9%-дан 48,6%-ға дейін өзгерген, бұған қоса бір ай бұрын ол 49,3%-ға жеткен. Заңды тұлғалардың жылдық салымдарының көлемі 5,9%-ға (452,8 млрд тг), 8,2 трлн тг-ге дейін өскен. Алайда, қаңтарда қор көлемі, керісінше, аздап – 0,9%-ға (74,5 млрд тг) қысқарған (2-инфографика).
ҚР ЕДБ-лар арасында бір жылда 32 банктен 15-і салымдар көлемін арттырған. 7 ЕДБ, оның ішінде үлестері көлемі бойынша 10 үздік қатарындағы – 5 банк, былтыр 100 млрд тг-ден аса жылдық өсім көрсеткен.
Алда – «Халық Банк», бір жылда 206 млрд тг (6,4%), 3,4 трлн тг-ге дейін. ҚР ЕДБ-лардан үлесі 19,1%-дан 20,3%-ға дейін өскен. Бұл банк депозиттер көлемі бойынша сенімді алда келеді.
Оның ізінше 188,4 млрд тг (17,2%), 1,3 трлн тг-ге дейінгі жылдық өсімімен, «Сбербанк» келеді. ҚР ЕДБ-лардан үлесі 6,5%-дан 7,7%-ға дейін өскен. ҚР ЕДБ-лары арасындағы салымдары көлемі бойынша банк орны өзгеріссіз – 4-інші орында қалды.


Өсім бойынша үздік үштікті Kaspi bank қорытындылап отыр – 178,7 млрд тг (22%), 1 трлн тг-ге жуық өсімге қол жеткізген. ҚР-дағы үлесі 4,8%-дан 5,9%-ға дейін өсіп, салымдар көлемі бойынша банктің 8-ден 6-шы орынға бір-ақ секіруіне мүмкіндік берген.
First Heartland Bankтің («Банк ЭкспоКредит» құқық мирасқоры) салымдары көлемінің – 13 есеге немесе 113,9 млрд тг-ге – 123,7 млрд тг-ге дейінгі және Қытай ТПБ (сауда-өнеркәсіптік банкі) – 8 есеге дейінгі немесе 129,4 млрд тг – 149 млрд тг-ге дейінгі өсімдерін атап айтуға болады (3-инфографика).

ҚР Ұлттық банкі
мәліметтері бойынша әзірлеген
Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру