Валюта бағамы: $ 360.12 409.67 5.33 ¥ 52.34

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Қай кезеңде болмасын, халқының жарқын болашағын тебірене ойлап, тереңнен толғаған патшаларға елдің күрделі тағдырын оңынан шешіп отыру оңайға соқпаған. Сол жолда кемеңгер патша, данышпан абыз, ұлы даналар өресі жеткен биіктен ой толғап, қолдан келген мүмкіндігін жасап бақты.

Әл-Фараби бабамыздың аза­мат­тық, саясат, адам, қоғам жөнін­дегі ойлары «Фусул ал-мадани» («Мемлекеттік қай­раткер­дің на­қыл сөздері») трак­татында қа­рас­­­ты­рылғаны мәлім. Әл-Фара­би ғұламаның мемлекет, ел бас­қа­ру жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-эти­­ка­лық саяси көзқа­рас­тары бүгінгі қоғам үшін де ай­рықша маңызды. Ол өзінің нақыл сөздерінде: «Мінез-құлық мі­ні – рухани кеселге жатады. Бақыттың мәні – парасатты­лықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде… адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруын­да», – деуінде үлкен мән бар.
Біздің тәуелсіз елдің бір­лікке қол жеткізуі арқа­сын­да ел арма­ны­ның іс жүзіне асы­рыл­ғаны шындық қой.
Бір кезде «ақыл-ойдың Мек­­кесі» атаған Бағдад қаласы – «ұжымдық қала» туралы Әл-Фараби: «Бұл қала әртүрлі бірлес­тік­тер­ден тұратын, бір-бі­рінен ерек­­шеленетін бөлік­тер­ден тұра­ды, сырттан келген адам жергі­лікті халықтан еш­қан­дай айырмасы жоқ, олар­дың барлық тілек­тері мен әрекеттері тоғысады. Сондық­тан уақыт ағымына сай қалада атақты адамдар, яғни ғалым­дар, шешендер, дана адамдар, ақындар шығуы мүм­кін», – деген болатын. Әлбетте, олар ынты­мақ-бірлікке қол жет­кізсе, арман-мүддесі ұш­таса арманы жүзе­ге асар еді. Бірақ, оған уақыты пісіп-же­тіле қой­мағаны анық-тын.
Оның бір жарқын мысалы Абылай хан айтқан ұлағат­ты сөзде де кезігеді. Шоқан Уәли­хановтың: «Қазақтардың аңыз-әңгі­мелерінде Абылай ай­рықша қасиеті бар киелі, кере­мет құдірет иесі бо­лып саналады. Абылай дәуі­рі – қа­зақтардың ерлігі мен серілі­гінің ғасыры. Оның жорықтары және батыр­ла­ры­ның көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына ай­налған», – деп жазатыны бар ғой. Сол Абылай хан дүниеден өтер шағында қоштасуға кел­ген қазақтың ұлы жырауы, «Абылай ханның ақылшысы», «көмекей әулие» атанған Бұқар жырау Қалқаманұлы: «Хан ием, не арманың бар?», – деп сұрайды. Сонда Абылай: «Үш арманым бар еді: Біріншісі, менің елім мал ем­шегін емген ел еді, аяғына дейін жер емшегін емгізе алмадым. Екінші, менің тұсымда қан көп төгілді. Соған өкінемін. Егер мен жаудың қанын төкпесем, ол менің қанымды төгетін еді. Үшінші, елімде телі мен тентек көп болды, бастарын біріктіру қиынға түсті», – деген екен.
Сондықтан да заманның алай-түлей ұйтқып соғуы мұр­сат бер­гіз­бегені шындық. Оны барша ха­лықтың саналы түрде қабылдауы да оңай емес-тін. Сол себепті олқы соғып жатқан тұстары болғаны аян, тіпті, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалады» деген Тәуке хан кезінде де басшының ісінен ілік іздегендер, қол жет­кен табысқа көңілі толмай, пүшайман ғұмыр кешкендер табылып жатқанына күмән жоқ.
Ал біздің жолымыз болды. Көп ұлтты халқымыздың арман-тілегінің бір мақсатқа ұштаса ал­ған­дығынан жеңіске жеттік. Ұлт көш­бас­шысы нар тәуекелге барып, ел бағына бұйырған тә­уел­сіздікке қол жеткізіп, жаңа дәуірдің тынысын ашты.
Тәуелсіздік – халықымыз­дың үні, ұлттың тілі мен ділі болған, ел тари­хындағы тә­ңірдің өзі қолы­мызға ұс­татқан тәуелсіздік тұл­пары­ның қасиетті тізгінін дұрыс бағыттай білуіміздің арқа­сында ел экономикасы үз­діксіз да­мып келеді. Ар­қа­ның төрінен әсем қала Ас­тана бой көтергелі де ширек ғасырға толды. Бүгінде егемен елімізді әлем халқы жақсы таниды, қазір Қазақстан үлкен халықаралық ұйымдарға мүше болды.
Мұның бәрі Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тә­уел­сіздік дәуірі» атты тарихи публицистика жанрында жа­зылған кітабында баяндалды.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқандықтан, Елбасы ха­лыққа кезекті Жолдауында Қа­зақстанның үшінші жаң­ғы­руы басталғанын жариялады. Сон­дай-ақ, Мемлекет басшысы: «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғы­ру» атты бағдарламалық ма­қа­ла­сында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлт­тық ко­дыңды сақтай білу. Онсыз жаң­ғыру дегеніңіздің құр жаң­ғы­рық­қа айналуы оп-оңай», – деп рухани жаңғырудың жедел қарқын алуын алдымызға тартты. Жалпы, зер салып қараған жанға бірден аңғарылары, Ел­басының жылдағы Жолдауында әлеуметтік мәселелер – бас­ты мақсаттар қатарында болып келеді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың жақында жариялаған «Бес әлеуметтік бастамасы» сол Жол­дау­лардағы бағыттардың жал­ғасы деп айтуға толық негіз бар. Өйткені осы жолғы Жолдаудағы ерек­шелік «әлеу­меттік бес бастама – Ел­ба­сы­ның халқына жасаған ерекше қам­қорлығының ай­қын көрінісі ретін­де танылуы болды.
Елбасы жариялаған бұл бастамалар қазақстандықтардың әлеу­мет­тік жағдайын жақсартуға арнал­ған маңызды қадамдар. Мұндағы бес әлеуметтік бастама халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер. Барлығы да бұрыннан түрлі дең­гейлерде сан мәрте көтеріліп, айтылып келгенімен қаржылық мүм­кін­діктер қолбайлау болып, мезгілі келген кезде көтеріліп отырған мәселелер екені түсінікті.
Халқымыздың мүддесімен үндес келген бұл Жолдау – Қазақстан мем­­лекеттігін дамыту жолындағы ерек­ше тарихи кезеңі болғалы тұр. Президент халықты қолжетімді бас­па­намен қамту, салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолже­тімділігі мен сапасын арттыру, шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз етуді ұсынды.
Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру мақсатында Ұлт­тық банк арнайы ұйым құру ар­қылы жаңа ипотекалық «7-20-25 бағдарламасын» дайындайды. Оның негізгі шарты несие өсімінің мөл­шерлемесі жылына 7 проценттен, бастапқы жарнасы 20 проценттен ас­пайтын болады. Несие мерзімі – 25 жылға дейін созылмақ. Жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүк­темесін азайту үшін Ұлттық экономика министрлігіне 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ай сайын ең төменгі есептік көрсет­кіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатын жұмыскерлерге салынатын жеке табыс салығының мөлшерін 1 процент етуді тапсырды. Салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге ба­ғыт­талмақшы.
Жолдау ұстанымына зер салып қарағанда, Қазақстанда әлеуметтік дамудың өзіндік моделі құрылуы – бұл қоғамдағы әлеуметтік сенімнің артуына әкелетіні анық.
Жоғары білім алудың қолжетім­ділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағ­дайын жақсарту мәселесінің назарына ілігуі біз тәрізді жоғары және орта білім беру жүйесінің басшылары, қызметкерлері, ұжымы үшін аса қуанышты жай болды.
«Әлемдік білім беру жүйесін құ­руда студенттердің өмір сүру жағ­дайы басты назарда. Бүгінде ЖОО мен колледж студенттерін жатақ­ханамен қамту сұрақтары кө­кей­де тұр. Аталған мәселені шешу мақсатында жатақхана құрылысын девелоперлік компаниялар арқы­лы мемлекеттік-жеке меншік серік­тестік тетігі негізінде іске асыру керек. 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырамын. Тиісті сұранысты ескер­геннің өзінде жатақхана тапшы­лығын біржола шешетін болады», – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы орайда, Білім және ғылым министрлігіне жаңа экономикада сұ­ранысқа ие мамандардың қажет­тілі­гін талдау негізінде 2018-2021 оқу жылдарына арналған жоғары және жоғары білімнен кейінгі кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қаулы жобасын дайындау жүктелуі істің нақты шешім табуының көрінісі болмақ. Сонымен қатар, жоғары білім саласына қосымша 20 мың грант бөлу, 2020 жылдың соңына дейін ең кемі 75 мың орындық студенттерге жатақхана салу көзделгені нұр үстіне-нұр деп айтсақ болады.
Жоғары оқу орындарында жа­тақ­ханалар жетіспейтіні ешкімге құпия емес. Студент-жастардың бір бөлігі пәтер жалдайды. Баспананың жайсыздығы оқу сапасын төмен­детеді.
Сондықтан Мемлекет басшысы шұғыл түрде, бір-екі жыл көлемінде жатақханаға мұқтаж сту­дент-жас­тар­ға жатақхана салып беруді тапсыруы уақыт талабына өте сай келеді. Дамыған компаниялар мен бизнесте жүрген жандар бірлесе қаржы салып, жатақхана құрылыс­тарын қолға алатын болса, бітпейтін іс жоқ.
Президент Үндеудегі айтылған тұрғын үйге қатысты «7 – 20 – 25» бағдарлама бюджеттік сала қыз­мет­керлері және орта табысы бар қазақстандықтарды тиімді ипоте­калық займ алуға мүмкіндігі қызық­тырып отыр. Оған қоса, төмен жалақы алатын жұмысшыларға салынатын салық деңгейін түсіру мәселесі жұмыс берушілерді міндет­теместен, екі мил­лионға жуық қазақ­стан­дықтың жа­лақысын көбейтеді екен.
Өмірдегі барлық тірлік бір-бі­рі­мен тығыз байланыста қозға­лыс­қа түсеріне ешкім дау айтпайды. Бұл білім саласына да қатысты. Мәселен мектеп қабырғасында толық деңгейде білім алмаған жас­өс­пірім жоғары оқу орнында қалай білімін жетілдірер еді? Осы желі әрі қарай жалғасса, не болмақ? Міне, мұғалімнің жалақысын көтеру ма­ңыз­дылығы осыдан туындайды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына ар­налған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінде «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысында мұғалімдердің жалақылары да өсетін болады. Қазір біз мектептерде білім берудің жаңа мазмұнына көштік, бұл мұғалімдердің жала­қысын 30 пайызға арттыруға мүм­кін­дік береді. Сондай-ақ, орта білім беру жүйесінде біліктілік санаттары көзделген. Санаты көтерілген мұғалімдердің жалақысы қосымша 50 пайызға көбейетін болады», – деуінің осындай маңызды себеп­тері бар. Сауатты жастарды оқыту, тәрбиелеу, алтын ұядан мақтаныш­пен ұшыру – әр бір ұстаздың арманы.
Бізді, ректорларды жоғары білім сапасы мен оның қолжетімділігіне жасалған тағы бір қадам ерекше қуантып отыр. Бұл қазақстандық жастарды да қызықтырады, әрі үміт сыйлайды. Бұл бастама Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағ­дайында қажет болатын мың­да­ған жаңа мамандарды әзірлеп шығуға мүмкіндік береді.
Сондықтан да, білім саласының барлық қызметкерлері мен студент-жастары Тәуелсіз Қазақстанды өркендету мен нығайту жолында күш-жігерін мейлінше жұмсай отырып, өз үлестерін қоса береді деп сендіремін.

Сәрсенғали Әбдіманапов,
Қазақ экономика,
қаржы және халықаралық
сауда университетінің ректоры,
Халықаралық жоғары мектеп
Ғылым Академиясының академигі,
педагогика ғылымдарының
докторы,
математика профессоры


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру