Валюта бағамы: $ 356.54 419.43 5.42 ¥ 51.86

Отандық автоөнеркәсіп: Мақсат – сұранысты қалпына келтіру

Соңғы жылдары елімізде автомобиль өнеркәсібі біршама тұрақты қарқынмен дамып келеді. Осы орайда ескі көлікті кәдеге жарату, сонымен қатар жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламалары өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолында жақсы қолдау болып отыр. Отандық өндірушілер биылғы жылдың басынан бері 24,7 млн теңге соманың техникасын нарыққа шығарды.

Қазақстандық автобизнес қауым­дас­тығының мәліметтеріне сәйкес, би­ылғы жылдың ақпан айында 2172 автокөлік (вагондар, жүк автокө­ліктері, арнайы автокөліктер, автобустар, тіркемелер, жартылай тір­ке­мелер) құрастырылып шыға­­рыл­ды, бұл қаңтар айына қарағанда 3,2% артық. Автокөлік өндірісінің ақ­­пандағы құны 12 629 млн теңгені құрайды, бұл қаңтар айындағы көр­сеткіштен 4,7% артық (12 059 млн теңге). Ал осы жылдың алғашқы екі айында қол жеткен нәтиже был­тырғы жылдың сәйкес мерзімдегі нәти­жесінен 2,4 есе асып отыр (былтырғы қаңтар, ақпанда – 10 102 млн теңге, биыл – 24 688 млн теңге). Заттай мәндегі өндіріс көлемі өткен жылғы көр­сеткіштен 2 есе өсіп отыр (2175 бір­лікке қарсы 4277).
Негізгі өсім жеңіл автокөліктер өндірісі есебінен қамтамасыз етілді. Биылғы жылы қазақстандық кәсіп­орын­дарда 4124 автокөлік (+102,4%), 83 жүк көлігі (+22,1%), 28 автобус (+55,6%) және 42 бірлік басқа ма­ма­н­дандырылған техника шығарыл­ды.

Екі айдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облы­сын­дағы «Азия Авто» компаниясы 2732 авто­көлікті (негізінен ресейлік Lada мар­касы) жинады, Қостанай­дағы «Са­ры­­­арқаАвтоПром» компания­сы 1407 бір­лік техника шығарды. Көк­ше­тау­­да­ғы «KAMAЗ Инжинринг» ком­пания­сы 48 жүк көлігін, Алматыда Hyundai Trans Auto 33 жүк көлігі мен авто­бустарды шығарып, тұтынушыға жөнелтті.
Отандық автоөндірушілер тұты­ну­­шы­­лық сұраныстың өсуін қал­пына келтіру аясында өндіріс кө­лемін ұлғайта түсуде. Осы орайда ескі көлікті кәдеге жарату, сонымен қатар жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламалары өнер­кәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолында жақсы қолдау болып отыр. «Қазақстанның даму банкі» ақпан айында бұрын айтылған 8 млрд теңге көлеміндегі соманы жеке тұлғаларға арналған жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына бөлді (атап айтқанда, «Еуразиялық банк», «Сбербанк», «Банк ЦентрКредит», «Халық банкі» – әрқайсысына 1875 млн теңгеден, ВТБ (Қазақстан) – 500 млн теңге). ҚДБ деректері бойынша биылғы жылы 159 өтінім мақұлданды, бұл – 809,9 млн теңге.
Ескі машиналарды кәдеге жарату бағдарламасы аясында қазақстан­дықтар биылғы жылы екі мыңнан астам жеңілдік сертификаттарын алды (отандық өндірісте шығарылған жаңа автокөлік сатып алуға 315 000 теңге).

ТОП-10: АҚПАН АЙЫНДА ЕҢ ЖАҚСЫ  САТЫЛҒАН АВТОКӨЛІКТЕР

Ақпан айында еліміздің автомо­­биль нарығы тұрақты өсуді жалғастыр­ды. Ақпанның ішінде қазақстандықтар жаңа автокөліктер, жүк және автобустар сатып алуға 35 млрд теңге (108,6 млн АҚШ доллары) жұмсады. Өткен қаңтар айымен салыстырғанда сату көлемі 26,7%-ке, ал былтырғы жылдың ақпанымен салыстырғанда 51,5% өсті. Биыл алғашқы екі айда бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 45%-ке артты. Сұранысты қалпына келтірудің ағымдағы қарқынымен жыл сайынғы сатылым 2012 жылдың деңгейіне жа­қындауға жақсы мүмкіндік береді.
– Ұзақ мерзімді перспективалар сандық өсудің оң үрдісінде қалады, бірақ биылғы жылдың екін­ші тоқсанынан бастап өсу қарқы­ны бәсеңдейді десек болады. Әдет­те көктем маусымы автомобиль нары­ғына жағымды жаңалық әкеледі. Ал­дымыздағы бірнеше апта барысында тұтынушылық сұраныстың қаншалық екендігі көрінетін болады. Дегенмен, біздің болжамымыз бойынша, биылғы жылы 15-20% деңгейіндегі өсімге қол жеткізу өзекті болып қала бермек, – дейді Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-пре­зиденті Анар Мақашева.
Қазақстандық автобизнес қауым­дас­тығының мәліметтері бойынша, ресми дилерлер күшімен ақпан айын­да 4 133 автомобиль сатылды. Жоға­ры сатылымдағы автокөлік­тердің ондығын қатарынан екінші ай бойы Lada бастап келеді – 791 автомобиль (қаңтарға қарағанда + 1%). Toyota маркасының дилерлері 778 дана (+18,5%) автокөлік сатты, олардан Ravon да қалыспай (511 көлік сатқан, +3,9%), алшақтықты қысқар­тып келеді. Hyundai сатылымында қозғалыс байқалды – 505 бірлік (+113%), мұнда ең бастысы Қостанайда жасалған Elantra және Tucson автомобильдері, сондай-ақ отандық өндірушілер шығарған Hyundai Accent және Hyundai Creta сатылымға түсті. Бесінші орында – «ГАЗ» коммерциялық көліктері, 211 бірлік (+36,1%). 190 бірлік сатылған Kia автомобилдері (+43%) алтыншы орында болса, Nissan да онымен үзеңгілес келеді (128 бірлік, + 20,8%). Жетінші орынды 107 автомобиль сатқан (+224,2%) қостанайлық JAC иеленді. Автокөлік нарығындағы табысты ТОП-10-ның қатарында Volkswagen (105 бірлік, + 81%), KAMAZ (97 бірлік, + 83%) және Lexus (79 бірлік, + 14,5%) маркалары да бар.
Жеңіл автокөліктер арасында алғашқы үштіктің көшбасында әдеттегідей Toyota Camry тұрса (257 бірлік), екінші орында – Lada Granta (239 бірлік), үшінші орында– Ravon Nexia R3 (237 бірлік). Әрі қарай төртінші орында – 233 кроссовермен Hyundai Tucson, одан кейін Ravon R4 (210 бірлік), Lada 4×4 (192 бірлік), Toyota LC Prado (154 бірлік), Lada Vesta (124 бірлік) және Lada Largus (116 бірлік) көліктері тұр.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру