Валюта бағамы: $ 352.54 415.15 5.31 ¥ 51.53

Мұнайшылар жылды табысты бастады

Шикі мұнай өндіру бірден 9 пайызға өсті

Негізгі өсімді Атырау облысының өндірушілері қамтамасыз етті.
Қаңтар айында Қазақстанда 6,5 млн тонна мұнай өндіріліп, қара алтын өндіру көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 8,5%-ке артты. Оның ішінде: 3,9 млн тонна Атырау облысына (+15,9%), 1,5 млн тонна Маңғыстау облысына тиесілі (+1%). Қаңтар-ақпан айларында мұнай өндіру көлемі 12,5 млн тоннаға жетті, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8,9%-ке арттық.

Биылғы жылдың бірінші айында мұнай өндіру көрсеткіштері ақшалай алғанда 977,5 миллиард теңгеге жетті.
Жалпы, елімізде 2018 жылы 87 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев министрліктің ке­ңей­тілген алқа мәжілісінде мәлім­деді. Министрдің айтуынша, 2018 жылы негізгі өсім Қашаған кен орнының есебінен күтілуде. Қашаған кенішінде өндіру жоспары шамамен 11 млн тонна болып бекітілген. Қызылорда және Ақтөбе облыстарында кен орындарын пайдаланудың соңғы кезеңі болғандықтан және кен қорының азаюына байланысты өндіріс көлемінің төмендеуі күтілуде.
Министрдің сөзіне қарағанда, өт­кен жылы негізгі өсім Қашаған кен орнымен (8,2 млн тонна), сондай-ақ Теңіз және Қарашығанақ кеніштерінде өндіру көлемінің өсуімен байланысты болды.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдас­тығының болжамы бойынша, мұнай секторында өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты 2018 жылы Ұлттық қорға түсетін салықтық түсімдер едәуір артады.
Болашақта мұнай қорларын одан әрі игеру жоспарлануда. Мәселен, Ресей мен Қазақстан Каспий ойпатында мұнай мен газ қорын барынша терең қабаттарда іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін күш-жігер біріктіруде. Ғалымдардың болжамы бойынша, жаһандық зерттеу жұмысы және технологияларды жетілдіру нә­тижесінде алдағы бес-он жылдан кейін-ақ мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды 15 және одан да көп шақырымдық тереңдікте өндіруге қол жеткізіледі, деп хабарлады ресейлік-қазақстандық «Еуразия» жобасын жасаушылар.
Аталған жобаның Ресей тарапынан қатысушысы «ГИНРАН ГЕОТЕК Евразия» бірлескен кәсіпорны болды.
Ол терең талдау және мұнайгаз барлау жұмыстарын жүргізу саласында аса маңызды ғылым мен практика жетістіктерін игеру үшін құрылған. Сон­дай-ақ бұл кәсіпорын Каспий ма­ңында перспективалы геологиялық трендті зерделеу үшін жер қойнауын пайдаланушылардың консорциумын ұйым­дастыру мақсатын көздейді. Әзір­­ге қазақстандық ғалымдардың қа­ты­­суымен құрылған, ал болашақта басқа да Каспий маңы мемлекеттері гео­логтері мен геофизиктері қатысты­рылады.
Әзірге мұнайды тұтыну ҚР-ның ішкі нарығында ғана емес (бірден 23,5%-ке 2017 жылдың қорытындысы бой­ынша), экспортта да (11,1%-ке) өсуде. Сыртқы нарыққа өндірілген мұ­най­дың 92% кетті.
Шикі мұнай және мұнай өнім­дерінің экспорты өткен жылы 68,7 млн тоннаны құрады, былтырғы жылға қарағанда 10,5 пайызға артық. Экс­порттық көлемінің ақшалай өсімі бірден 37,8 пайыздан 26,6 млрд дол­ларға жетті.

Ресурстар және пайдалану балансы. Шикі мұнай, битуминозды минералдардан алынған мұнай өнімдерін қоса алғанда. 2017 жыл қаңтар-желтоқсан, мың тонна.

  2017 2016 Жылдық өсім 2017 2016
Ресурстар 73 407,7 65 583,7 11,9% ресурстар үлесі
Өндіріс 72 932,3 65 576,7 11,2% 99,4% 100,0%
Импорт 23,0 7,0 228,6% 0,0% 0,0%
Бағалау* 452,4 0,6%
Пайдалану 73 407,7 65 583,7 11,9% пайдалану үлесі
Экспорт 67 839,4 61 074,4 11,1% 92,4% 93,1%
Ішкі нарықта іске асыру 5 568,4 4 509,3 23,5% 7,6% 6,9%

*Бағалау – ресурстар және пайдалану балансын қалыптастыру кезінде өнімді экспортқа нақты жөнелту мен тауарларға кеден декларациясын тіркеу мерзімдерінің әртүрлі болуынан, сондай-ақ өнім қорының өзгеруі есебінен туындайтын айырмашылық (теңгерімсіздік).

Дерек көзі: ҚР ҰЭМ

Қазақстандық мұнай өнімдерін ТМД елдерінің арасында негізгі им­порт­таушы – Өзбекстан, басқа да шетелдер – Италия, Нидерланды, Швей­цария және Франция.
Экспорттық экспансия биыл да жалғасуда. Мәселен, Каспий құбыр кон­сорциумы (КҚК) 2018 жылғы қаңтар-ақпанда 9,4 млн тонна мұнай экс­порттады, бүл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 16,8 пайызға артық. Мұнай экспортының тиеу көлемі КҚК-ында 55,1 млн тоннаны құрады, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 24,4 пайызға артық.

Аманкелді Шопан


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру