Валюта бағамы: $ 327.92 399.31 5.23 ¥ 51.87

Туризм – дамудың басым бағыты

Жақында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті.

Кездесуге «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орын­­басары Юлия Якупбаева, ҚР Мәдениет және спорт ми­нис­трлігі Туризм индустриясы ко­митетінің төрайымы Майнура Мұрзамәдиева және «Kazakh­Tourism» ҰК басқарма төр­ағасы Рушид Күзембаев қатысты.
Басқосуда тараптар визалық-миграциялық тәртіп, Қазақстан арқылы транзиттік жолаушылар ағымын дамыту әлеуеті, сондай-ақ Қазақстан өнімінің біре­гей­лігін анықтау мәселелерін тал­қылады.
«Үкімет Қазақстандағы ту­ризм­ді дамудың басым бағытта­рының бірі ретінде белгіледі. Бүгінде өңірлерде осы саланы дамытуға айтарлықтай назар аударылып отыр. Біз барлық өңірдегі туристік нысандарға ин­вентаризация жүргіздік, жол картасы дайындалды, өңір­лік туристік қауымдастықтар құ­рылды. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен құрылған қауымдас­тықтар туристік фирма­ларға, кө­лік компаниялары мен қонақ үй бағытында қызмет атқаратын кә­сіп­кер­лер­дің басын қосып, мә­се­­лелерді талқылап, түсіндіре алады», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.
Өз кезегінде Зураб Пололикашвили Қазақстанға деген ықыласы мен зор алғысын білдірді. Сонымен қатар Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
«Қазақстан байтақ та көркем. Қызықты орындар өте көп, өкініштісі, өзім әлі ол жерлерге бармадым. Алматы туралы көп естідім. Сондай-ақ, Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы, оның ішінде туризм саласында қауіп өте төмен екенін атап өткім келеді. Көршілес жатқан Қытай мен Ресей – туристер ағымының кепілдендірілген нарығы. Бір ғана міндет – сапалы өнім шығару», – деп атап өтті UNWTO бас хатшысы.
Тараптар Қазақстан арқылы транзитті дамыту үшін жаңа әуе бағыттарын ашу мүмкіндігін де талқылады.
«Біз Астана-Мадрид немесе Астана-Барселона бағыты бойынша жаңа бағыт ашуға қолдау көрсету мүмкіндігін талқылағымыз келеді. Бұл Испания мен Португалиядан келетін туристердің санын арттыруға мүмкіндік берер еді», – деп ұсыныс білдірді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.
UNWTO бас хатшысы бұл бастаманы қолдауға әрі Астанада да, Мадридте де мүдделі тараптармен келіссөз ұйымдастыруға көмектесуге дайын екенін айты.
Кездесу соңында Зураб Пололикашвили «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығымен өткізетін келесі кездесуге туризм саласында жү­зеге асыратын дайын жобаларды алып келуге уәде берді, сондай-ақ Қазақстан брендімен байланысты «Қазақстан болашағы – туризмде» деген ұранды да айтты.
UNWTO бас хатшысы Зураб Пололикашвили болған кездесу Қазақстан Үкіметінің арнайы шақыртуы арқылы болған іс-сапары аясында өтті.
2019 жылдан бастап Астанада UNWTO қолдауымен тұрақ­ты түрде ITB-Eurasia халық­ара­лық туристік көрме өткізу жос­парланған. Бұл ТМД елдері ара­сындағы ең ірі шараға айналмақ.

Әлия КЕМЕЛБЕКОВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру