Валюта бағамы: $ 352.54 415.15 5.31 ¥ 51.53

Стойлов ел құрамасын алға сүйрей ме?!

Мажарстанның астанасы Будапешт қаласында футболдан Венгрия – Қазақстан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті.

Қазақстан құрамасын 1 наурыздан бастап жаттықтырып отырған болгар маманы Станислав Стойлов Қазақстан құрамасы бас бапкері қыз­ме­тінде алғаш­қы ойынын же­ңіспен бастады. Өйт­кені сырт алаңда күтпеген жерден ұлттық құрама 3:2 есе­бімен жеңіске жетті. Матчтың алтыншы минутында «Астана» ко­мандасының шабуылшысы Роман Мұртазаев есепті ашты. Көп ұзамай оныншы минутта ұлттық құрамада алғаш рет сынға түскен «Астананың» тағы бір ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов есепті 2:0 есебіне жеткізіп, көзге түсті. Бұдан кейін 21-ші минутта айып добын жылдам орындағаннан кейін Адам Салаи есеп айырмасын қысқартты. 39-шы минутта 18 жастағы футболшы ұлттық құрама сапында алғаш рет ойынына шыққан, Ресейдің «Уфа» шабуылшысы Еркебұлан Сейдах­мет тұңғыш голын соқты. Тек қана 68-ші минутта алаң иелері Кристиан Нементтің голы­ның арқасында есепті тағы да қыс­қарт­ты.
Айта кетейік, 26 наурызда Қазақстан құ­рамасы тағы бір кездесу өткізді. Венгр­дің Фульчуга қа­ласында Болгария құ­рама­сы­мен кездесу өтті.
Венгрияның Фельчута қа­ла­сындағы «Панчо Арена» стадионында Қазақстан – Болгария құрамалары арасындағы футболдан өткен жолдастық матч әрі қарай жалғасын тапты. Бірінші таймның 24-ші минутында болгар капитаны Ивелин Попов он бір метрлік айып добын орындап, есеп ашты. Матчтың 55-ші минутында Еркебұлан Тұңғышбаев есепті теңестірді, ал мұның алдында Роман Мұртазаевтың соқ­­қысы қақпа бағанасына тиген болатын. Соғылған голдан кейін де Қазақстан құрамасы тоқтамай, ойында басымдық танытты. Соңғы минуттарда Е.Тұң­ғышбаев ереже бұзып, айып добы белгіленген, оны қарсылас команданың ойыншысы Николай Бодуров сәтті орындап, гол соғып кетті. Осылайша ұлттық құрама тең дәрежедегі ойынын сақтай алмай 1:2 есебімен жеңілді. Дегенмен жолдастық кездесудің қос матчында Қазақстан құ­ра­масы бұрынғыдай нашар нә­тиже көрсетпеді. Қазақ футболы көр­кеюге қарай бет алып бара жатқан сыңайлы.

Салтанат Қажыкен


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру