Валюта бағамы: $ 352.54 415.15 5.31 ¥ 51.53

Жергілікті өндірушілердің мүддесі қорғалуда

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алуларда жергілікті үлесті бақылау бойынша жұмысшы органы болып саналады. 2017 жылы денсаулық сақтау, құрылыс, энергетика, коммуналдық шаруашылық және білім беру салаларына мониторинг жүргізілді.

Кәсіпкерлер палатасының са­рапшылары мемлекеттік сатып алуларда импорттық тауарларды қолданған 12 тәртіп бұ­зушылықты анықтады. Атал­ған тауарлардың баламасы Алма­тыда өндіріледі. Осылайша мем­лекеттік тапсырыс арқылы шетелдік компаниялардың қалта­сына 8,4 млрд теңге аударылған. Бұл қаражатты Алматыда қал­дырып, қаланың дамуына жұм­сауға болар еді.
«Алматы лифт» ЖШС-на 732,6 млн теңгеге мемлекеттік тапсырыс алуға көмектесе алдық. Бұған дейін бас мердігерлер Қытай, Түркия және Беларусь елдерінің өнімін пайдаланып келген. Ал­матыдағы медициналық мекемелер мен мектептерге бұған дейін Ресей, Франция, Германияның өнімдері сатып алынып келген. Комиссия жұмысының ар­қасында хаттамалық тапсырма аясында тапсырыс беру­ші­лер Алматыдағы «Аврора» ком­паниясының тауарларын ала бас­тады. Компания 25 млн тең­геге мемлекеттік тапсырыс ал­ды. Ал палатаның көмегі­мен «СК-Фармация» компаниясы «JULDYZ KENAN» компаниясымен 300 млн теңгелік келісімшарт жасады», – деп хабарлады Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Алма Тұрлыбаева.
Сонымен қатар Алматыдағы BRB APK, Аврора, Казлегпром-Алматы секілді өндірушілердің «Магнум», «Мега» және тасқа да сауда орталықтарына тікелей жет­кізуін жолға қойғандығын атап өтті.
«Отандық өндірушілердің көп­­­теп қатысу мәселесін шешу үшін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы ұзақ мерзімді келісім шарт жасау мақсатында мемле­кеттік сатып алулар мони­то­рингінің алгоритмін қарауды ұсынып отыр. Палата жұмы­сындағы басым бағыттар­дың бірі – отандық тауар өндіру­шілерді қолдау, жергілікті кәсіп­орындардың бәсекелік қабі­летін арттыру», – деді Алма Тұр­лыбаева.
Жоспарда индустриялық сертификат негізінде Тауар өндіру­шілердің бірыңғай реес­тірін жасау, салаларға талдау жүргізу, өндіріс картасын дайындау және мемлекеттік тапсырыс арқылы қолдау көрсету үшін қала экономикасы салаларының ахуалын бағалау жұмысын жүргізу тұр.

Қарлыға МЫРЗАЛИМОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру