Валюта бағамы: $ 327.92 399.31 5.23 ¥ 51.87

Жанайқайға айналған жанармай

Мұнайдың әлемдік бағасының едәуір көтеріліп жатқандығы белгілі. Бұл жағдай біздің елімізді де айналып өтпейді. Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына талдау жасау тобының жасаған сараптамасы бойынша елдегі автобензин, дизельдік отын және авиакеросинді тұтыну деңгейіне жасалған сараптама осыны растайды.

Бұл талдау елдегі қазір жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеу жұмыстарын ескере отырып жасалған. Зерттеу барысында анықталғандай, отандық МӨЗ-дер жанар-жағармайға сұранысты жапқан күннің өзінде ол тек ортамерзімді кезеңді ғана қамтитын болады. «Яғни, болжам бойынша, автобензин тапшылығы 2021 жылдан кейін байқалмақ. Ал, дизельдік отын тапшылығы 2023 жылдан соң, авиакеросин жетіспеушілігі 2026 жылдан бастап сезіле бастайды. Одан бөлек, тәжірибе көрсетіп отырғандай, елдегі мұнай өңдеу зауыттарының аяқасты жұмысын тоқтатуы республика ішінде жанар-жағармай тапшылығын тудырады» делінген ҚР Энергетика ми­нистрлігі ҚазАқпараттың ресми сауалына жолдаған жауабында. Сон­дай-ақ, төртінші мұнай өңдеу зауы­ты қай жерде салынатыны әзірше нақтыланбаған. «Қазіргі уақытта төр­тінші мұнай өңдеу зауытын салу туралы шешім шығару үшін жұмыс тобы алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме құру мәселесін қарастырып жатыр. Зауыттың салынатын орыны мен параметрлері соның негізінде анықталады», – делінген хабарламада.
Бір айтатын жәйт, бұған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда төртіінші МӨЗ 2022 жылға қарай салынуы керек, деп мәлім еткен болтын. Соған қараған­да, жанар-жағармайдың тапшылығы жойы­латын күн де алыс емес сияқты.

Ибраш ТҰРЫМБЕТ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру