Валюта бағамы: $ 363.26 420.11 5.54 ¥ 52.45

Баспаналылар қатары артады

Ақтөбе облысында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндігі туды. Өңірде өткен актив жиынында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді.

Аймақта «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 6 мыңнан астам отбасы баспаналы болған. Бұл Елбасының 5 негізгі тапсырмасында атап көрсеткен міндеттеріне сәйкес келеді. Сондықтан жоспарды жүзеге асыруға әбден болады. Өйткені жаңа жылдың екі айы облыстың экономикасы алға басқанын көрсетті. Жиынға келген құрылыс компаниясының өкілдері де осы пікірді қуаттайды. Күн санап өңірде зәулім үйлер көбеюде, қосымша құрылыс алаңдары ашылуда.
Құрылыс компаниясының директоры Олег Фёдоровтың айтуынша, қазіргі таңда банктердің ұсынып отырған несие талаптары мен алғашқы жарна көлемін кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. Сондықтан Елбасы айтқан бағдарлама тұрғын үй нарығына жаңа дем беріп, пәтер саудасын жандандыра түседі. Сәйкесінше баспаналы болған адамдар қатары артады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру