Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

Қазақстан Ұлттық банкінің 2018 жылғы 23 ақпаннан 3 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша 5-інші наурыздағы шолуы*

3 наурыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,8%-ға (319,65-тен) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 322,2 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 23 ақпаннан 2 наурыз аралығындағы маңызды оқиғалар ФРЖ төрағасы Дж. Поуэллдің АҚШ-тың монетарлық саясатына қатысты баяндамасы, АҚШ-тың ІЖӨ-нің өсуі бойынша және Еуроаймақтағы инфляцияның өсуі бойынша деректерді жария ету, АҚШ президенті Д.Трамптың металл импортына тарифтерді көтеруге қатысты түсініктемелері және Жапония президенті Харухико Куроданың Жапонияның монетарлық саясатына қатысты түсініктемелері болды. Осы факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ долларының біршама құбылма­лылығына әкелді.


Дамушы елдердің валюта бағам­дарының** АҚШ долларына қара­ғанда серпіні мынадай түрде қалып­тас­ты:
– Оңтүстік Африка рэнді инвесторлар тарапынан оң қолдау тапқан үкіметтегі кадрлық орын ауыстыруларға қарамастан, 3,1%-ға (11,56 –дан 11,92-ге дейін) әлсіреді. Сауда балансының тапшылығы бой­ын­ша жария етілген деректер мен жергілікті емес тұрғындардан өтем­ақысыз жерлерді тартып алу туралы парламент шешімі валюта бағамына қысым жасады.
– Мексика песосы Еркін сауда-саттық туралы Солтүстік Америка келісімін (НАФТА) қайта қарауға қатысты кезекті келіссөздер бойынша белгісіздік аясында 1,5%-ға (18,55-тен 18,82-ге) дейін әлсіреді;
– Ресей рублі мұнай құнының төмендеуі аясында 1,2%-ға (56,13-тен 56,81-ге дейін) әлсіреді.
– Үндістан рупиясы 0,7%-ға (64,73-тен 65,17-ге дейін) әлсіреді;
– Индонезия рупиясы 0,7%-ға (13 668-ден 13 757-ге дейін) әлсіреді.
– Түрік лирасы 0,5%-ға (3,79 –дан 3,81-ге дейін) әлсіреді;
– Бразилия реалы 0,3%-ға (3,24-тен 3,25-ке дейін) әлсіреді.

* шолуды Қазақстан Республи­касының Ұлттық Банкі ашық дерек­көздердің негізінде апта сайын дайындайды
** АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру