Валюта бағамы: $ 356.54 419.43 5.42 ¥ 51.86

АРУ АНА, АРУ ҚЫЗДАР – ӨМІР ГҮЛІ

Оларды ардақтау – ел парызы

Жыл сайын ару Көктемнің шуағыңдай жүректерге ерекше қуаныш, шаттық құятын 8 наурыз – ардақты аналар мен ару қыз-келіншектердің асыға күтетін мерекесі. Жасыратыны жоқ, бүгінгі жарасымды өмір салтымызға айналып отырған бұл мереекені Тәуелсіз Қазақстан Республикасының барлық азаматтары ерекше ілтипатпен қарсы алып, өздерінің барлық ыстық ілтипаттары мен шынайы құрметтерін жаны нәзік жандарға көрсетуге аса пейілді боп тұрады.

Бұл заңдылық та. Өйтке­ні, дүниеде анадан ұлық, анадан үлкен құдірет жоқ. Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған…» деп басталатын тамаша ән жолдарынан асырып, ана құдіретін әспеттеу мүмкін де емес. Былайша айт­қанда, асыл ана бейнесінің сим­волына айналып кеткен бұл ерекше әнге еңбектеген баладан бастап, еңкейген қарт­қа да дейін неліктен құмар­та­тындығын сөзбен айтып жет­кізу қиын. Тағы бір ерек­шелігі, осы әнді басқа да ұлт өкілдері де ұйып тыңдап, сүйіп орындап та жүр. Осындай тамаша әуендер, ыстық ықыласқа толы ізгі тілектер асыл аналар мен ару қыздардың жүректерін куанта түскені абзал ғой.
Елбасының ұйытқы болуымен қазір елімізде бабалар дәстүрінен нәр алған «Рухани жаңғыру – болашаққа бағ­дар» бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл шараның негізі тіні жалпы қоғамды, саяси, эко­но­­ми­­калық-әлеумет­тік сала­лар­­ды түгелдей қамтыға­ны­мен, отбасы, ошақ, басқа да тұрмыс қаракеттерін айналып кетпейді. Өйткені, Елба­сы­ның өзі басқа мерекелерді айтпағанда, отбасы, отаны­мыздың негізгі тірегі – Әйел-Ананың, олардың ізін жалғас­тырушы қыз-келіншек­тер­дің қоғамда алатын орны мен ат­қаратын рөлін өз сөзінде ерекше ілтипатпен атайды. Рухани жаңғыруға жаны нәзік жандардың да қосып отырған үлестері – ұшан теңіз. Неге десеңіз, олардың басым бөлігі болашақтың негізгі тұтқасы – жас ұрпақты, Мәңгілік елдің жас азамттарын өсіріп, оқытуға және ұлттық рухта тәрбиелеуге ұйытқы болуда. Мұны Елбасының 8 наурыз мерекесіне жолдаған Құт­тықтауы да толық айқын­дай­ды.
Қазіргі тәуелсіз қоғамы­мызда әйелдер тек отбасының береке, бірлігін, басқа да қа­жетті тірлігін ойлайтын, со­ған бар уақытын жұмсай­тын тұлға ғана емес, олар ел мүд­десі, мемлекеттік өмірге және оның саяси-экономи­ка­лық мәсе­ле­лерін шешуге белсене араласатын беделді тұлғаларға айналып отыр.
Қарапайым мысал, зейнет жасына шыққан кісілерді айт­пағанда, еңбекке жарамды әйелдер қыз-ке­ліншектердің қай-қайсысы болма­сын, маман­дықтарына, қабілет-қа­рымда­рына сәйкес өз жұмыста­рын белгілі бір учаскеде адал әрі тың­ғылықты атқару үстінде. Олардың арасында қарапайым жұмысшыдан бастап, кәсіпкер, ұстаз, дәрігер. заң­гер, инженер, ғалым, өнертапқыш, тіпті Парламент депута­ты, Үкімет мүшелері, басқа да тұл­ғалар бар.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ой­лайтын тұлға ғана емес, ол – мем­лекеттік және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сон­дықтан біздің елімізде әйел адам­­ның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін артты­руға айрықша маңыз беріледі. Мұ­ның бір мысалын қазіргі кезеңде жүр­гізі­ліп отырған зейнетақы жүйе­сіне енгізілініп жатқан терең өзге­рістерден анық пай­ым­­дауға болады. Алдағы уақыт­та көп балалы және асыраушысынан айырылған отбасыларына, сондай-ақ, босанған аналарға төленетін жәрдем-ақы­лар­дың көлемі анағұрлым өсіп отыр, әлі де өсетін болады. Бұл – болжам емес, нақты өмір шындығы. Бұған ақпараттық мәліметтер де жеткілікті.
Қорыта айтқанымызда, тә­уелсіз Қа­зақстанның еңселі ел болып, ша­ңы­рағының биік­тей түсуіне, сөй­тіп, оның әлем­­дегі дамыған отыз елі­нің қата­рына қосылуына асыл ана­лар­дың және ару қыз-келін­шек­тер­дің өлшеусіз үлес қосып келе жатқандығы айдай анық. Мейі­рім мен шапағаттың, ізгілік пен махаббаттың символына айна­лып, отбасының ұйытқысына, елдің көзайым қуанышына айналып жүр­ген жүректері нәзік, көңілдері дархан әйел затына бүгінгі күні ғана емес, құдайдың құтты күні құрмет жасап, оларды аялау – ер азаматтардың бас­ты борышы екендігін ұмыт­пайық, ағайын!
Мереке құтты болсын, аяулы аналар мен ару қыздар! Сіздерге табиғат берген денсаулықтың мықтылығын, баянды өмір қуа­нышын және тән мен жанның мәңгі сұлулығын тілейміз!

Бар әлемнің тұтқасы

Көктем – ана, көктем –
гүл, көктем – өмір,
Ізгілікті жаудырсын көктен Тәңір.
Әйел затын, Ананы қуантып мың,
Бақытты тек етуге жеткер, Тәңір!

Жеткер,Тәңір, сәби үні сыңғырласын,
Аналардың көзінде мұң тұрмасын.
Болашақты ағайын, қарсы алайық,
Асқақтатып ананың нұр тұлғасын!

Бар әлемнің тұтқасы, тірегі шың,
Анам барда қуанам, күлемін шын.
Ұл болуға лайықты міндеттімін,
Лүп-лүп еткен ананың жүрегі үшін!

Сен де анасың, ертеңгі қарындасым,
Алдағы өмірің өзіңді жарылқасын.
Міне, бүгін көктем тұр нұрын сеуіп,
Қуаныштан әлі талай жарыларсың!

Десең дағы от болып жалындармыз,
Әй, жас жігіт, мұндайда тарылмаңыз.
Мың құшақ гүл, мейлі, жұлдыз сыйла,
Ана алдында бәрібір қарыздармыз!

Ибрагим Бекмаханұлы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру