Валюта бағамы: $ 341.08 394.46 5.37 ¥ 52.71

Полторанин – әлем кубогы жеңімпазы

Шаңғыдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин Финляндияның Лахти қаласында өткен Әлем Кубогының кезеңінде бірінші орын жеңіп алды.

Пхенчхандағы қысқы Олим­пиада ойындарынан кейін Алексей қалай болса да жанкүйер­лер­дің артқан сенімін ақтауы тиіс еді. Пахти қаласындағы 15 шақы­рым­дық жарыс жолына қазақ­стан­дық спортшы өзін әбден қайрап шық­қан секілді. Жеребе бойынша Полторанин 45-ші нө­мірмен шықты. Бірақ, оған негізгі екі қарсыласы – ресейлік Александр Большунов пен жарыс жо­лының иесі Иво Нисканен едәуір қарсылық танытты. Алексей қашықтықты өте жыл­дам жүріп өтіп, 33 минут 11,9 секундта мәреге жетті. Үшінші болып келген Иво Нисканен біздің спортшыдан 20,9 секунд қана қалып қойды. Соңына дейін күрескен ресейлік Алексейден 9,1 секундқа есе жіберді.
Бір айтатын жәйт, Пхенчхан Олим­пиа­дасында 50 шақырымдық қашық­тықта Иво Нисканен алтын медаль иеле­нген болатын. Ал Большунов ол жарыс­та екінші келген еді. Алексей болса Олимпиада ойындарында 40 шақы­рым­ға дейін үштікте болғанымен, мәре сызығына жете бере қалып қойып, 15-­орын­ға табан тіреген еді.
Енді солардың есесін Финляндияда өткен додада қайтарды. Жігіт деп міне, осыны айт!

ИБРАШ ТҰРЫМБЕТ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру