Валюта бағамы: $ 360.71 411.53 5.38 ¥ 52.62

Atameken Business Channel апталық валюта болжамын ұсынады

Теңге үшін өтіп бара жатқан аптадағы маңызды оқиғаның бірі – бейсенбі күні ұйымдастырылған ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің дәстүрлі онлайн-конференциясы. Онлайн-конференцияда банк төрағасы елдегі экономикалық жағдайға қатысты өз ойларын ортаға салды. Данияр Ақышевтің оптимистік ойлары мен көзқарасы валюта нарығын бір серпілтіп тастағаны анық. «Альпари», «Wall Street Invest Partners» және IFC Markets компанияларының сарапшылары бұл жағдайға айырықша тоқталып, өз пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар АҚШ экономикасы бұл жолы да сарапшылардың назарынан тыс қалмады. «ФИНАМ» және «Wall Street Invest Partners» компанияларының сарапшылары елдегі ақша-несие саясатының одан әрі қатаңдатылуы турасында сөз саптады.
Сарапшылар валюта нарығына әсер етуші дәстүрлі триггер – энергия тасымалдаушылар нарығын да назардан тыс қалдырған жоқ. Бұл ретте олардың мұнайдың бо­лашақтағы бағасы туралы пікірлері қақ жарылып тұр. «Wall Street Invest Partners» және «АНАЛИТИКА онлайн Қазақстан» компаниясының өкілдері мұнай бағасы айтарлықтай тұрақты болады десе, Gerchik&Co компаниясының сарапшысы «қара алтынның» бағасы өзгереді деген пі­кірді ұстанып отыр.
Сарапшылар ресей рубліне қа­тысты екі негізгі факторды атады. Біріншіден, ресейлік валютаның динамикасына S&P агенттігінің рей­тингі әсер етпек. Агенттік Ресей Федерациясының несиелік рей­­­тингін көтереді деп күтілуде. Бұл жағдайға «Аналитика онлайн Қазақстан», «Астана-Инвест» инвес­тициялық үйі» АҚ және IFC Markets компанияларының өкілдері арнайы тоқталып өткен екен. Екін­шіден, рубльдің динамикасына ке­зекті са­лықтық кезеңнің басталуы әсер етпек («Аналитика онлайн Қазақс­тан» және «Астана-Инвест» инвес­ти­ция­лық үйі» АҚ өкілдері осындай пікірде). Сондай-ақ, «Wall Street Invest Partners» өкілі АҚШ тарапынан Ресейге қарсы жаңа санкция енгізілуі мүмкін дейді.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру