Валюта бағамы: $ 327.92 399.31 5.23 ¥ 51.87

Ой шеберлерінің сайысы

Алматы қаласындағы Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясында дәстүрлі халықаралық жарыс жалғасын тапты. Сайысқа мемлекетімізден бөлек, Чили мен Түркия елдерінен барлығы 70-ке жуық ой шеберлері қатысты.

Сегіз күнге жалғасқан жарыс 9 ойыннан швейцар жүйесі бойынша өткізілді. Нәтижесінде 7,5 ұпай жинаған Алексей Блохин турнирдің жеңімпазы атанды. Алматылық Бақытжан Кембаев пен Әмірхан Маханов 7 ұпайдан жинады. Алайда қосымша көрсеткіш, яғни бухгольц көрсеткіші бойынша Б.Кембаев – екінші, ал Ә. Маханов – үшінші орынды еншіледі. Қыздар бәсекесінде 6,5 ұпай еншілеген Әсел Лесбекова топ жарды. Ал, ардагер спортшылар арасында Владимир Першин (6 ұпай) үздік деп танылды. Жасөспірімдер, яғни 14 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында Даниял Бекбаев (6,5 ұпай) бірінші орынды еншіледі.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру