Валюта бағамы: $ 356.54 419.43 5.42 ¥ 51.86

Текеліде жұмыссыздарды тігін ісіне баулымақ

Алматы облысы Текелі моноқаласында «Текелі барыс» кәсіпорынының базасында оқу орталығы іске қосылды. Онда жұмыссыз азаматтарды тігін ісіне тегін оқытып, мемлекеттік шәкіртақы төлейді.

Оқу орталығы 2017-2021 жылдарға арнал­ған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кә­сіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жұ­мыс­сыздар үшін қысқамерзімді оқыту жүр­гізу мақсатында ашылған.
ЖШС басшысы Әйгерім Сәкенқызының айтуынша, қазіргі таңда 30 текелілік орталықта жаңа мамандық алуға ниет білдіріп отыр.
«Оқу орталығында сабақтар мен тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған бөлмелер бар. 13 тігін машинасы, қажетті маталар мен материалдарды сатып алдық. Оқушылар білім алумен бірге тапсырыс алып, оны орындап отырады. Курстың соңына қарай қатысушылардың кейбірін компаниямызға жұмысқа алсақ, ал қалғаны өз кәсіптерін аша алуға біліктіліктері мен мүмкіндіктері жетеді деген сенімдіміз», – дейді кәсіпкер.
«Текелі барыс» ЖШС оқу орталығы Текеліде кәсіпорын базасында ашылып, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Оқу орталықтарының реес­тріне енген алғашқы мекеме.
Кәсіпкерлер палатасының Текелі қалалық фи­лиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов­тың сөзінше, алдағы уақытта Текелі тау-кен өңдеу кеше­нінде де оқу орталығы ашу жоспар­ланған. Онда металлургия саласына қажетті ма­мандарды дайындайтын болады.
Биыл Алматы облысында Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясындағы қысқамерзімді білім беру курсы барысында 500 адамды жаңа мамандықтар бойынша оқыту жоспарланып отыр.

Диас БЕЙСЕНБЕК


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру