Валюта бағамы: $ 386.7 427.15 6.06 ¥ 54.57

Елбасы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кездесу өткізді

Елбасы жиын барысында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне азық-түлік бағасының тұрақтылығын бақылау және тарифтерді реттеу мәселесін назарда ұстау қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев облыстарда жылыту маусымын іркіліссіз жүргізудің маңыз­дылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақ­стан Президенті Үкіметке облыстар әкімдерімен бірлесіп, көктемдегі су тасқыны қаупінің алдын алу және оны болдырмау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Елбасы еріген қардың суын тоғандарға жинап, оларды ауыл шаруашылығы қажет­тілігіне пайдалану мүмкіндіктерін қарас­тыруды ұсынды.
– Халық саны екі мыңнан асатын ауылдық елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі енгізілетін болады. Бұл – бюджеттің төртінші деңгейі. Жергілікті жерлерге салықтың 7 түрін жинау мүмкіндігі берілді, сондай-ақ қаражат шығысы 19 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Алдын ала жасалған талдау бойынша, ауылдық округтердің 11 пайызы ғана өздерін қамтамасыз етіп, өз кірісі есебінен шығындарын жаба алады. Сондықтан Үкімет облыстар басшыларымен бірлесе отырып, осы мәселені де бақылауға алуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Қазақстан Президенті елімізді дамыту жобалары мен бағдарлама­ларының маңызды сипатқа ие болып отыр­ғанын халыққа кеңінен түсіндіру және бұл іске «Нұр Отан» партиясын тарту қажет­тігін атап өтті.
Басқосу барысында Астана қаласының, Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қа­зақстан облыстарының әкімдері өңір­лердегі ахуал туралы баяндады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру