Валюта бағамы: $ 336.39 390.28 5.36 ¥ 52.42

«Теңізшевройлдағы» игілікті істер

Алматыдағы «Интерконтиненталь» қонақүйінде «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бас директоры Тед Этчисон бірқатар республикалық БАҚ өкілдерімен кездесіп, 2017 жылдың қорытындылары туралы жиналыс өткізді.

Қазіргі таңда ТШО-да жұмыс іс­тей­тін қазақ­стан­дық қызметкер­лер­дің үлесі 1993 жылғы 50% көр­­­­­сеткішпен салыс­тыр­ған­да 83% құрай­ды. ТШО-дағы жер­­гі­лік­ті ұлттық бас­шы­лардың жо­ғары және орта буын жетекші­лерінің үлесі жалпы бас­шылық құра­мның 67% құрайды. Кадр­ларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағ­дарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық ла­уазымдарға тағайындалған жергілікті қыз­меткерлер қатары көбейе тү­суде.
Шараны «Теңізшевройл» компаниясының Үкі­метпен және жұртшылықпен байланыс бөлі­мінің бас менеджері Рзабек Артығалиев жүргізіп отырды. Ол былтырғы жылы «Теңіз­шевройл» (ТШО) үшін өте сәтті жыл болғандығын атап өтіп, 2013 жылдан қазірге дейін аталмыш компания журналистермен 13 рет сәтті өткізіп жатқандығын тілге тиек етті.
Жиналыстың ашылу салтанатында «Теңіз­шевройл» ЖШС-ның бас директо­ры Тед Этчисон бірқатар рес­пуб­ликалық БАҚ өкілдеріне былтырғы жыл­дың қорытынды­лары, биылғы атқарылар міндеттер жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар ол биыл ұжым алдында өндірістік әлеуетті арттыру және қызметтің барлық бағыты бойынша жаңа белестерге шығу тапсырмалары тұрғанын айтты. Компания басшысы Тед Этчисон ұжымға атқарған табысты жұмыстары үшін алғысын айтты. Өз кезегінде журналистер қауымы ТШО-ның басшысына алуан сұрақтар қойды. Қаламгерлердің сұрақтарына нақты жауап берген Т.Этчисон ТШО-да әлі де атқарылар игі істер мол екендігін айтып өтті.
1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,4 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. 2017 жылы «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының бюджеті 25 миллион АҚШ доллары болды. Аталмыш қаржының негізгі бөлігі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұм­салды.
Аталмыш компания биылғы жылы қыз­­меткерлердің қауіпсіздігі мен қорша­ған ортаны қорғау үшін көп көңіл бөлуде. Көптеген игілікті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді оңтайландыру мен жақсартуды көздеп отырған «Теңізшевройл» компания­сының болашағы жарқын болатынына кәміл сенеміз.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру