Валюта бағамы: $ 327.42 383.51 5.29 ¥ 51.26

Айқын шаралар алға бастырады

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында техникалық реттеуді жетілдіру мәселесі, шағын және орта бизнесті дамыту жайы, медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару мен менеджментті енгізу барысы қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша баяндаған инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек техникалық реттеудің қолданыстағы инфрақұрылым жүйесі төрт негізгі бағыттан: техникалық реттеу және стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау, мемлекеттік бақылаудан тұратынын айтып өтті. Ал жүйені жетілдіру екі кезеңде: биыл «Стандарттау туралы» жаңа заңды және метрология мен аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жандандыру мен жетілдіру туралы заңнамаға енгізілетін басқа да өзгерістерді қабылдап, іске асыру шараларының қабылдануымен, ал 2020 жылға дейін сәйкестікті бағалау және мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдірумен жүзеге асырылмақ.
Қазір бизнесте стандарттау мәселелеріне қатысты көптеген құжаттарды қағаз түрінде ұсыну проблемасы кездеседі. Осыған байланысты әзірленген «Стандарттау туралы» заң жобасы аясында автоматтандырылған жүйелер – Стандарттау жөніндегі ұлттық орган арқылы жұмыс істейтін стандарттау процестерінің бірыңғай операторы анықталады.
Инвестициялар және даму министрлігі метрология саласында да жұмыстар жүргізіп жатыр. Мысалы, аккредиттеу жүйесін жетілдіруге және аталған сала субъектілерінің жауапкершілігін арттыру бағытында «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» заңға өзгерістер енгізілуде.
Техникалық реттеу жүйесін жетілдірудің екінші кезеңі сертификаттау сынақтарының нәтижелеріне өзара сенімді төмендету және импорттаушылардың «тауарларды шартты түрде шығару» кедендік рəсімі арқылы сертификаттаудан өтуін болдырмау сияқты түйткілді мəселелерді шешуге бағытталған.
Сондай-ақ министрлік мемлекеттiк бақылау саласында қабылданған шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн саралауды ұсынбақ.
Техникалық реттеу жүйесін автоматтандыру және цифрландыру жайына тоқталған Ж.Қасымбек қазір Еуразиялық экономикалық комиссияға сәйкестік туралы декларациялар мен сертификаттар жөнінде мәлімет беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар «E-КТРМ» бірыңғай ақпараттық жүйесін құру Қазақстандағы және ЕАЭО аясындағы барлық үдерістерді автоматтандырып, біріктіретін болады.
Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша қолға алынған шаралар жайын ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады. Экономиканың аталмыш секторы елдегі жұмыспен қамтудың, инвестициялар тартудың негізгі көзі, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың қозғаушысы болса, бұл мәселелер министрлік жұмысының басымдықтары болып табылады. Жұмыс үш жүйелік блок: мемлекеттік реттеуді жетілдіру және бизнес ахуалды жақсарту; қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру және қолдау шараларын жетілдіру; салалық кедергілерді жою бойынша жүзеге асырылады.

Қазіргі күні «Мемлекеттік реттеуді жетіл­діру және бизнес ахуалды жақсарту» бағыты бойынша сәйкес заң жобасы әзірленсе, онда 100 заң мен 13 кодекске өзгерісті қамти­тын ша­мамен 1000 түзету бар.
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруға қолже­тім­ділікті арттыруды қамтитын келесі маңызды бағытта қолдаудың басты құралдары бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының кредиттік желілері болатыны сөзсіз. Осы ретте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткен жылдың қорытындысы бойынша қолдау шараларымен 192 мыңнан астам кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық қамтылған, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10 процентке артық. Ал сыйақы және кредиттерге кепілдік беру мөлшерлемелерін субсидиялау арқылы қолдау көрсетілген кредит қоржыны 286,6 млрд теңгені құрады. Барлығы 3351 жобаға қолдау көрсетілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10 процентке артық. 490 млн теңге сомасына 276 жобаға мемлекеттік грант ұсынылды, 12,1 млрд теңгеге инфрақұрылым жүргізілді, оқыту бағдарламаларымен және сервистік қызметтермен 74,8 мың жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкер қамтылған. Сөйтіп, жыл қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысушылар 3,5 трлн теңге сомаға өнім өндірді, 17,3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, 217 млрд теңге сомаға салық төленді.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы тағы бір маңызды бағыт – салалық кедергілерді жою. Өткен жылдардағы жұмысты ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 552 бизнестің проблемалы мәселелерін қарап, олардың 497-сі шешілген. Статистика комитетінің мәліметінше, жұмыс істеп тұрған бизнес саны өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 145 994 бірлікті құрады немесе 2016 жылмен салыстырғанда 3,6 процентке артық. Оған қоса, ШОБ өнімдері өндірісі едәуір өсті. Өткен жылдың 9 айында өнім өндірісі 14,4 трлн теңге соманы құраған.
Отырыста денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық ұйымдардағы корпоративтік басқару және менеджментті дамыту шараларын іске асыру туралы баяндады.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 81-қада­мын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын дамы­тудың 2016-2019 жылдарға арналған «Ден­сау­лық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау ми­нистрлігі медици­налық ұйым­дарда корпо­ративтік басқаруды және менеджмент прин­­цип­терін енгізу жұмысын жүргізуде. Соны­мен қатар Мемлекет басшысы 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін ЭЫДҰ қағидаттары мен стандарттарын енгізу мін­детін қойғаны мәлім. Осылайша, қазақстандық ком­паниялардың бәсекеге қабілет­тілігі мен қыз­метінің тиімді­лігін арттыру мақса­тында ЭЫДҰ-ның корпо­ративтік басқару принцип­терін енгізу мәселесі өзекті болып табылады.
Қазір Қазақстанның денсаулық сақтау ұйым­дары­ның көпшілігі байқау кеңестері бар шаруа­шылық жүргізу құқығындағы кәсіп­орын­дар (БК бар ШЖҚ РМК), АҚ мен ЖШС сияқты корпоративтік басқару элементтерін енгізуге ықпал ететін заңды формаларға ауыс­тырылған. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ден­саулық сақтау ұйымдарына ұйымдастыру-әдіс­темелік қолдау көрсету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Министрліктің барлық ведомствоға қарасты ұйымдарында және ішінара өңірлік медициналық ұйымдарында енгізілген үлгілік корпоративтік құжаттар акционерлік қоғам, шаруашылық жүргізу құ­қығындағы мемлекеттік кәсіпорын үшін әзір­леніп, енгізілуде. Сондай-ақ медицина­лық ұйымдардың ресми сайттарында «Корпо­ра­тивтік басқару» бөлімін құру арқылы меди­циналық ұйымдар қызметінің ашықтығын қам­тамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Денсаулық сақтаудағы көшбасшылық пен менеджментті дамыту бағыты аясында арнайы білімі бар басшыларды дайындау ісі өзектілігін сақтауда. Бұл салада 3000-ға жуық топ-менеджер қызмет атқарады. Алайда, медициналық ұйым­дар басшыларының тек 60 проценті жоғары меди­циналық білімге ие, арнайы менеджмент саласында жоғары білім алмаған азаматтар. Бірінші басшылардың тек 13,5 проценті әртүрлі мамандық бойынша магистр дәрежесін алған. Сондықтан медици­налық ұйымдарды арнайы дайындықтан өткен басшылар басқаруы тиіс.
Е.Біртанов корпоративтік басқаруды және менедж­ментті дамыту бойынша жұмыс жал­ға­­саты­нын, медициналық ұйымдардағы тиімді корпо­ративтік басқару мен менедж­мент үшін ЭЫДҰ бас­қарушы принциптеріне сәйкес Корпоративтік бас­қару принциптері мен түсі­ніктерін заңнама түрін­де бекіту жоспарлан­ғанын айтты.

Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру