Валюта бағамы: $ 327.42 383.51 5.29 ¥ 51.26

Ең маңыздысы – бағаның бәсі Қаржылық қызмет қорытындылары

Жетпісбай Бекболатұлы,
әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ
кафедра меңгерушісі
e-mail: Zhetpisbay.Bekbolatuly@kaznu.kz

Қабылданған ережеге сәйкес әр жылдың соңын­да экономиканың түрлі салаларының өкілдері өз жұмысын ой елегінен өткізіп, ел алдында есеп береді. Қаржы-несие бойынша алға тартылатын мә­лі­меттердің қаймана жұрт үшін ең маңыздысы бағаның бәсі болып табылады. Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша жылдық инфляция 2017 жылдың аяғында 7,1 пайызды құрағанын көлденең тарта аламыз. Жыл бойы инфляция Ұлттық банк­тің 2017 жылға арналған 6-8 пайыз нысаналы дәлізі шегінде болды. Баға өсу қарқынының баяула­уы ин­фляцияның барлық құрамдас бөліктерінде бай­қалды.
Сөйтіп, халықтың инфляциялық күтулерінің сандық бағасы 2016 жылғы желтоқсандағы 7,7 пайыздан 2017 жылғы желтоқсандағы 7,1 пайызға дейін төмендеді. Деңгейі жыл бойы 5,9 пайыздан 7,7 пайызға дейін түрленген инфляциялық күтулер ең алдымен энергия тасымалдауыштары және жеміс-көкөніс өнімдері нарықтарында қысқа мерзімді күйзеліс оқиғаларының әсерінен қалыптасты. 2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ағымдағы шоттың тапшылығы 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,9 пайызға төмендеп, 4,6 млрд. АҚШ долларын немесе ішкі жалпы өнімге қатысты 4,2 пайызды құрады. Бұл ретте 2017 жылғы үшінші тоқсанда тапшылық 1,7 млрд. АҚШ доллары шамасында болды, бұл 2016 жылғы үшінші тоқсандағы көрсеткіштен 17,9 пайызға төмен. Тауарлар экспорты 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 31,4 пайызға ұлғайып, 2017 жылғы 9 айда 35,2 млрд. АҚШ долларына жетті. Ресми экспорттың жалпы құнының 55,6 пайызы болатын мұнай және газ конденсаты экспортының құны 36,6 пайызға өсті, қара металл экспорты 59,2 пайызға, түрлі-түсті металл экспорты 20,8 пайызға ұлғайды. Астық экспорты 7,9 пайызға төмендеді. Тауарлар импорты 15,8 пайызға ұлғайды және 23,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Импорт құнының өсуі негізгі тауар номенклатурасының барлық топтары бойынша орын алды. Импорттың ең көп ұлғаюы азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарларын 24,0 пайызға әкелу және аралық өнеркәсіптік тұтыну тауарларын 16,9 пайызға әкелу бойынша орын алды. Сауда балансының профициті 2016 жылғы 9 айға қатысты 77,6 пайызға ұлғайып, 12,0 млрд. АҚШ долларына жетті.
Осы орайда шикізат экспортынан кірістердің өсуі бейрезиденттердің тікелей инвестициялардан кірістерінің 11,9 млрд. АҚШ долларына дейін төлемдерінің өсуіне ықпал еткенін атап өтуіміз керек. Нәтижесінде инвестициялық кірістердің теріс сальдосы 12,2 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы 9 айға қарағанда 48,2 пайызға көп. Қаржы шоты бойынша капиталдың таза ағыны Ұлттық банктің резервтік активтерімен операцияларын қоспағанда 2017 жылғы 9 айда 6,7 млрд. АҚШ долларына жетті. Тікелей инвестициялар бойынша таза ағын 3,0 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде қалыптасты. Шетелдік тікелей инвестициялардың Қазақстанға жалпы ағыны шетелдік тікелей инвестициялардан фирмааралық қарыз алудың өсуі салдарынан 2016 жылғы 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,3 пайызға ұлғайып, 15,8 млрд. АҚШ доллары болды. Қазақстан Республикасына тікелей инвестициялар негізінен мұнай-газ секторының және металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына берілді. Негізгі инвестор елдер Нидерланд, Швейцария, Бельгия, Ресей Федерациясы, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Корея Республикасы болып табылады.
Соынмен қатар портфельдік инвестициялар бойынша 8,3 млрд. АҚШ долларындағы таза әкеліну резиденттердің өздеріне тиесілі шетелдік бағалы қағаздарды сатуы, сондай-ақ халықаралық капитал нарықтарында банктік емес сектордың еурооблигацияларды шығаруы есебінен қалыптасты. Басқа инвестициялар бойынша 2017 жылғы 9 ай ішінде 4,5 млрд. АҚШ долларындағы нетто-әкетілуі байқалды, бұл көбінесе банктік емес ұйымдардың шетелдік шоттардағы қысқа мерзімді активтерінің өсуі және банктер мен мемлекеттік басқару органдарының ұзақ мерзімді қарыздар бойынша өз міндеттемелерін өтеуі арқылы қамтамасыз етілді. 2017 жылғы 1 қазанда еліміздің сыртқы борышы 168,9 млрд. АҚШ долларына жетті, оның 7,8 пайызы немесе 13,2 млрд. АҚШ доллары мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, 3,7 пайызы немесе 6,3 млрд. АҚШ доллары «банктер» секторының сыртқы борышы, 26,1 пайызы немесе 44,1 млрд. АҚШ доллары «басқа секторлардың» тікелей инвестицияларға байланысты емес берешегі, ал қалған 62,4 пайыз немесе 105,3 млрд. АҚШ доллары осы сектордың фирмааралық берешегін құрайды. 2017 жылғы 9 айда елдің сыртқы борышының көлемі 5,2 млрд. АҚШ долларына, оның ішінде 2017 жылғы үшінші тоқсанда 1,0 млрд. АҚШ долларына ұлғайды. Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы негізінен халықаралық капитал нарығында шығарылған тәуелсіз еурооблигациялар құнының өсуі және бейрезиденттер тарапынан Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттарына деген сұраныстың артуы есебінен 0,3 млрд. АҚШ долларына ұлғайды. «Банктердің», яғни екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму банкінің» сыртқы міндеттемелері еурооблигацияларды және қолданыстағы сыртқы қарыздарды жоспарлы өтеу салдарынан 0,9 млрд. АҚШ долларына қысқарды. «Басқа секторлардың» үлестес емес бейрезиденттері алдындағы сыртқы борышы негізінен мұнай-газ секторы ұйымдарының еурооблигацияларын орналастыруы есебінен 4,8 млрд. АҚШ долларына ұлғайды.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру