Валюта бағамы: $ 341.18 392.97 5.34 ¥ 52.5

Баршаға ортақ байлық

Сонау көне заманға оралып сыр шертсек, Қазақ халқы сол байырғы заманнан-ақ өнерді көркем образдың жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы деп ұққан. Міне, сол ұрпақ сабақтастығы қазіргі жаңа технологияға, жаңа заманға қадам басты. Өнер… Музыка… Екеуі тұтас бір әлем.

Музыка дейтін осы бір үлкен әлемді жете білмейтін адам қатарында болғам кезінде. Музыка деген ол – адамның ой-ақылын дыбыстық көркем негізге бейнелейтін эмоциялық жақтарын сезіндіретін тылсым дүние. Қазақ халқының музыка өнері ХІХ ғасырда гүлдене бастады. Ең алғаш қазақ даласында қобыз, домбыра сынды аспаптар дүниеге келіп, ақын-жыраулардың көмейінен жыр төгілген ерекше сазды әуендері әрқашанда жүрегімізге ыстық екені айқын. Қазақ халқы дәстүрлі ән өнерімен де, ақындық саласында да өзгеге үлгі боларлықтай.
Ал қазіргі таңда осы музыка саласын дәріп­теп жүрген жастарымыз да жетерлік. Солар­дың ішінде Ардақ Исатаева, Қарақат Әбілдина, Өмірқұл Айниязов, Алма Аманжолова сынды аға-әпкелерімізді ауыз толтырып айта аламыз. Қазіргі таңда жас болса да қазақ халқының жүрегінен орын тепкен Қуандық Рахым атты әншімізді атап өткім келеді. Иә, оның ең ал­ғаш жұлдызы дәстүрлі әнші ретінде ашылған екен. Осындай қазақ әндерін дәріптеп жүр­ген жастарымызға қуанамын.
Қазіргі таңда эстрадалық әндер кең көлемде насихатталуда. Дәстүлі әндерді көп жағдайда ересек және қарт адамдар тыңдайды. Эстрадалық әндер шоу бизнес­ке көп қаражат әкеледі. Осы себептен көп әншілер дәстүрліден эстрадалық түрге бет бұрды. Тағы бір мәселе, қазақстандықтар әртүрлі тілдегі әндерді тыңдайды. Әсіресе жасөспірімдер, жастар, тіпті балалар да. Кейбіреулер қазақ әндерін тыңдаудан қалып, ұнатпайтындары да бар. Дәстүрлі әндер жақсыға тәрбиелеп, халқымыздың салт-дәстүрлерін, тарихын ұмытпауға ықпалын тигізеді. Егер дәстүрлі музыканы тыңдауды тоқтат­сақ, өзіміздің дәстүрлерімізді, өзіндік ерекше­лік­терімізді ұмытып, оған қалай болса солай, салғырт, немқұрайлы қарайтын боламыз. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтқандай, «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең». Шынымен де, сәбиге жарық дүние есігін ашқан сәтінен бастап анасы «Бесік жыры» секілді өлеңдер айтады, ал адамдар қайтыс болғанда, жақын адамдары жер қойнауына «Жоқтау» әнімен шығарып салады. Бұл жерден музы­каның адам өміріндегі маңыздылығын көре аламыз. Қорыта келгенде, дәстүрлі музыка – қазақ халқы өмірінде үлкен рөл атқарады. Және біздер оны келешек ұрпағымызға сол күйінде жеткізуге міндеттіміз. Бұл өзге елдердің әндерін мүлдем тыңдамау керек деген сөз емес. Өзге тілдегі әндерді тыңдаған дұрыс, ол адамның ой-өрісін кеңейтеді. Бірақ өзіміздің дәстүр-тарихымызды, өзіміздің кім екенімізді ұмытпауымыз керек.

Жанерке САҒЫМЖАН,
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы,
Қабанбай ауылы


Оқи отырыңыз

Пікір(11)

  • Аружан
    15.02.2018 at 8:25 pm

    Кушти

  • Anonymous
    15.02.2018 at 8:30 pm

    Жако 👍👍👍👍👍👍

  • Гульзия
    16.02.2018 at 12:30 pm

    Сағымжан Аружан қызы өте керемет.Алла мерейің үстем,маңдайың жарық,биіктің шыңына жетіп ,арман тілектеріңе жете беруіңе барлық ата-аналар атынан тілектеспін.Алланың мейірі түсіп,нұры жаусын!
    Гульзипа,Айман,Айтқан,Гулжан,Гаухар,Бибі-Фатима.

  • Аяулым
    16.02.2018 at 12:31 pm

    Аружан шығармаң жақсы шығыпты,арманыңа жет.

  • Фархат
    16.02.2018 at 12:41 pm

    Жанерке !
    Жазған мақалаң өте жақсы екен.Талабыңа нұр жаусын!
    Алла денсаулық,бақыт,еңбегің жемісті,əрбір күндерің сəттілікте болып,қашанда ел құрметіне бөленіп,басыңдағы асыл қасиеттер ешқашан арылмасын.Əрқашан беделің биік,мерейің үстем болсын,өмір жасың ұзақ болып,арманыңа жетуіңе тілектеспіз.Ардақ,Асет,Ашок,Ахметжан,Елдос,Мақсат,Елнур.Əли

  • Индира
    16.02.2018 at 12:43 pm

    ЖАНЕРКЕ!
    Супер,жақсы жазғансың.
    Саған денсаулық бақыт тілеймін.Арманыңа жет.

  • Anonymous
    16.02.2018 at 12:50 pm

    Жанерке оте жаксы…молодец😙😙😙

  • Anonymous
    16.02.2018 at 2:00 pm

    Оте жаксы

  • Макпал
    16.02.2018 at 2:01 pm

    Жаксы жаксы керемет

  • Әйгерім
    16.02.2018 at 2:01 pm

    Өте дұрыс жазыпсын. Музыка керемет зат. Адамды алыс ойга жетелейтін, өзінін бір бөлек әлеміне алып кетеді. Жарайсын! Алдыңа койган максатына жете біл, жолын ашылсын!

  • Anonymous
    16.02.2018 at 6:22 pm

    Күштіі👍👍

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру