Валюта бағамы: $ 360.12 409.67 5.33 ¥ 52.34

Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық бизнестің ел үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында құрылған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қатысуын қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлік саласын дамыту, қолдау құрылымын қалыптастыруда өзіндік тарихы бар, үлкен тәжірибе жинақтаған әлем елдерінің баршасында бұл тұрғыда кешенді тәсілдер мен мемлекеттік қолдау жүйесі жұмыс істейді.
Осы орайда елімізде ұлттық кәсіп­керлер палатасын құруда бизнес-қо­ғам­дастықтарды ұйымдастырудың еуро­­палық үлгісі негізге алынды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер па­ла­та­­сының қызметі іскерлік және ин­вестициялық ахуалды жақсартуға, тұ­рақтылықты нығайтуға, елде ұлт­тық, сондай-ақ шетел инвесторла­ры­ның бизнес жүргізуіне қолайлы жағ­дай­ларды дамытуға бағытталған.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы­ның төр­алқа төрағасы Тимур Құлыбаев, басқарма төрағасы Абылай Мырзах­ме­­тов­тардың бас­шы­лы­ғымен «Ата­мекен» орталық және өңірлік дең­гейде бизнес пен билік арасында шынайы диалог алаңына айналуы үшін ауқымды жұмыстар атқарылды. Сан салалы ел экономикасын қам­тыған мақсатты жұмыстың нәтиже­сінде бүгінде бизнестің сенім­ді серік­тесіне айналған «Атамекен» мем­ле­кеттік бағдарламалардың жүзе­ге асырылуы барысына отандық биз­нестің барынша тартылуын көздейді. Мем­лекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іскерлік орта мүддесін қорғап, кәсіпкерліктің кең қанат жаюы жолында жаңа мүм­­кіндіктер мен соны істерге баста­ма­шы болып отырған Ұлттық палата шет елдердің бизнес қауым­дас­тық­тарымен өзара тиімді байла­ныстарды қалыптастырып, нығай­та түсуге де маңыз беруде. Интегра­ция­лық үр­діс­терде отандық биз­неске қолдау көр­сетіп, кәсіпкерлік субъектілерінің сырт­қы экономикалық қызметін ын­таландыру, инвестициялар тарту жә­не экономиканы әртараптандыру ісін­­де өзіндік қолтаңбасын көрсе­ту­де.
Сонымен қатар мамандар даярлау мен қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестациялау, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту бағытында да «Атамекен» атқарған істер атап айтар­лық­тай.
«Атамекен» ҰКП-ның жанында оның мақсат-міндетіне сәйкес кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау және сыбайлас жем­қорлық пен көлеңкелі эконо­микаға қарсы күрес жөніндегі мін­дет­терді жедел әрі жүйелі шешу мақ­­сатында құрылған кеңес жұмыс істейді. Кәсіпкерлерді сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы күреске жұмыл­ды­рып, мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігін күшейту, кәсіп­кер­лік қызметті жүзеге асыру кезінде жемқорлыққа қарсы тәжіри­бені қа­лып­тастыру, ресурстарды бөлу жә­не инфрақұрылымға қол жет­кізу тетік­терін жетілдіру секілді кәсіп­керлікті табысты жүргізуге ықпал етер шараларды іске асырумен қатар, тұсау болар кедергілерді барынша азайту және болдырмау бағытындағы кеңес жұмысы бүгінде өз нәтижесін беруде. Мұның бір көрінісін өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелентіп жүрген кәсіпкерлер қатарының соңғы жылдары арта түскендігінен байқауға болады.

Рымтай Сағынбекова


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру