Валюта бағамы: $ 319.88 394.41 5.65 ¥ 50.42

Ауқатты спортшылар

«Форбс» журналы әлемдегі ең ауқатты спортшылардың тізімін жасады. Сол тізімге сүйенетін болсақ, мадридтік «Реалдың» шабуыл­шысы әлемдегі ең табысы көп спортшы атанды.

Аталмыш басылым өзінің зерт­теуінде спортшылардың бір жылдық табысы мен олардың жарнамадан түс­кен пайдасын қоса есептепті. Соның қорытындысы бойынша, кеше ғана 5 ойыннан шеттетілген «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду 93 миллион доллар табыспен әл-ауқаты зор деген спортшылардың көшін бастады. 31 жастағы шабуылшы өткен жылы 35 миллион долларын жалақы ре­тін­де алса, 58 миллион кірісін жарнама­дан түсірген.
Екінші сатыда баскетболшы ЛеБрон Джеймс жайғасқан. Оның табысы 86,2 миллион долларн «Кливленд Кавельер» клубының шабуылшысының жалақысы 55 миллион доллар болса, 32,2 миллион доллар жарнамадан түскен.
Үздік үштікті каталониялық «Барсело­на­ның» шабуылшысы Лионель Месси түйін­­деп тұр. Оның жалпы табысы 80 мил­­лион долларды құрады.
Сонымен қатар тізімде теннисші Роджер Федерер (64 миллион доллар, 4 + 60), баскетболшы Кевин Дюрант (60,6 миллион доллар, 36+24,6), гольф ойыншысы Рори Макилрой (50 миллион доллар, 34+16), бейсбей ойыншысы Эндрю Лак (50 миллион доллар, 3+47), баскетболшы Стефен Карри (47,3 миллион доллар, 35,1+12,2), баскетболшы Джеймс Харден (46,6 миллион доллар, 20+26,6), автоспортшы Льюис Хэмилтон (46 миллион доллар, 8+38) секілді спортшылар енген.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X