Валюта бағамы: $ 360.12 409.67 5.33 ¥ 52.34

Татами шеберлерінің жетістігі

Дзюдодан Тунисте мәреге жеткен Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды.

Қазақстан құрамасына соңғы медальді Виктор Демьяненко алып келді. Ол 100 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Бұл санатта ирандық Бенджамин Флетчер үздік шықса, ресей­лік Рамазан Малсүйгенов күміс жүлдені қанағат тұтты. Бразилиялық Леонардо Гонсалвеш В.Демьяненкомен бірге қола жүлдеге ие болды. Бұған дейін ол 2016 жылы Ташкенттегі жарыста қола еншілеген болатын. Бұл турнир спортшыларымыз үшін аса табысты болды. Қазақстандықтар екі алтын, үш қола медальмен жалпыкомандалық есепте үздік атанды. Содан кейін Украина (екі алтын) және Жапония (бір алтын, екі күміс, алты қола) құрамалары екінші, үшінші орындарды бөлісті. Атап айтқанда, В.Демьяненкодан бөлек Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Ерлан Серікжанов (66 келі) қола жүлдеге ие болса, ал Жансай Смағұлов (70 келі) пен Ислам Бозбаев (90 келі) алтыннан алқа тақты.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру