Валюта бағамы: $ 319.88 394.41 5.65 ¥ 50.42

Алматы облысы: Оқушылар жаңа пәнді оқуда

Талдықорған қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясында тәжірибе жүзінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пән оқытылуда.

Сабақтар аптасына бір рет 10 сынып оқу­шылары үшін жүргізіледі. Пәнді енгізудегі басты мақсат – мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге дағды­лан­дыру.
«Пән пилоттық режимде оқытылып жатыр. Оның қорытындысы бойынша алдағы уақытта өңіріміздің барлық мектептерінде енгізу жоспарланған. Оқушыларға білім беру процесіне мұғалімдермен қатар, кәсіпкерлер де қатысады. Бағдарлама бірнеше ке­зеңдерге бөлінген, оқыту біртіндеп өткізіледі. Курс соңына қарай мектеп түлектері кәсіпкерлік негіздері бойынша базалық білімдері қа­лып­тасады», – дейді Алматы облысы Кәсіп­керлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Ардак Качкарова.
Сарапшының айтуынша, теориямен қатар, тәжірибелік сабақтар түрлі кәсіпорындар не­гізінде өтеді. Табысты кәсіпкерлермен кездесу, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.
Кәсіпкерлік негіздері бойынша алғашқы сабақтардың біріне Өңірлік кәсіпкерлер па­латасының бизнес-тре­нері Александр Кузнецов қатысты. Ол оқушылардың қойған сауалдарына жауап берді.
«Қандай бизнес түрін ашсам болады және ақшаны қайдан аламын?» деген сұраққа былай жауап бергім келеді. Өзгелерден үздік меңгерген, «қолымнан келеді» деген іспен айналысу керек және көрсетілетін қызметтің сұраныс деңгейін білу қажет. Сұраныс бар болған тұста тауарды немесе қызметті білетін болады, оны сатып алады және ісіңіз өрге домалайды. Кәсіпті өз қаржыңызға бастаған дұрыс. Әрине, бұл қиын болғанымен, ең тиімді жол болып саналады», – дейді маман.
Алдағы кезеңде Білім және ғылым ми­нистрлігі сынама пәнді еліміздегі барлық мектептер, колледждер мен ЖОО-лар бағдар­ламасына енгізуді жоспарлап отыр.

Марат Балтабайұлы


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Нариман
    31.01.2018 at 12:09 pm

    Бастама жақсы сияқты. Басқа өңірлерде де енгізілсе, жұрт қолдайтын шығар.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X