Валюта бағамы: $ 346.68 404.02 5.47 ¥ 51.15

Жаңа Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

Астана қаласында Цифрлық және Миграциялық халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды. Цифрлық ХҚКО ашылу салтанатына ҚР вице-премьері Асқар Жұмағалиев пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты.

ХҚКО аталған бөлімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасалған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында ашылды. Сапар барысында Ақпарт және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Цифрлық ХҚКО «бір өтінім» принципі бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп, халықтың цифрлік сауаттылығын арттыруындағы ма­ңыз­дылығын атап өтті.
Цифрлық ХҚКО мемлекеттік қызметтер алу жүйесі толығымен автоматтандырылған және операторлардың қатысуынсыз жүзеге асы­рылады. Орталықта еліміздің азаматтары операторлардың қатысуынсыз өз беттерінше электронды-цифрлік қолтаңба алып, 700-ден астам электронды қызмет алатын «Connec­tion­point» орналасқан. Қажет болған жағдайда барлық құжаттарды сымсыз принтер арқылы шығарып алуға болады.
Сонымен қатар азаматтар өздерінің элек­трон­ды қолтаңбалары немесе бір рет қолда­­натын пароль арқылы 22 түрлі анықтама мен қызмет алатын «қоғамдық қолжетімділік пункті» қарастырылған. Онлайн-кеңес беру және мемлекеттік органдар басшыларына онлайн түрде арыз-шағым жіберу кабинеті орналасқан. «Электронды үкімет» порталының қызмет түрлерін өз бетінше алуды үйренгісі келетіндер үшін тегін сынып ұйымдастырылған, ол жерде оқулар мен семинарлар өткізіліп тұрады.
Сынамалы түрде ашылған миграциялық ха­лыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасының аумағындағы шет ел азаматтары мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципі бойынша алатын болады. Егер шет ел азаматтары еңбек етуге қажетті құжаттарды алу үшін бұрын 5 күн жұмсаса, аталған орталықта 60 минут уақыттарын жұмсайды. Бұл орталықта дәрігерлік тексеру, дактилоскопиядан өтіп, сақтаныдру полисін, ЖСН және құжаттарын алуға болады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір(2)

  • Еркін
    31.01.2018 at 11:59 am

    Халыққа цифрлық қызмет көрсетудің артықшылықтары көп. Бұл құжат жинаудан, ұзын-сонар кезектерден құтқарып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік беретін бағдарлама.

  • Мөлдір
    31.01.2018 at 12:02 pm

    Халықтың цифрлық сауаттануын құптаймын. Бұл мемлекет тарапынан жасалып жатқан тамаша мүмкіндік қой. Қажетті анықтамаларды кез-келген уақытта алатын мүмкіндік халыққа қажет.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру