Валюта бағамы: $ 324.65 397.66 5.74 ¥ 50.73

Жаңашыл болуға құштарлық

Біздің үйдің дәл алдында Гагарин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында №22 мектеп орналасқан. Сол білім ұясының алдына бірнеше сәкілер орналасқан, сол жерде қаздай тізіліп ата-әжелер, кейбір қолы бос ата-аналар отырады. Бұның мәнісі, сабақ біткен соң немере-жиендерін, енді біреулер балаларын алып кету үшін жиналатындар екен. Бірде сол жерде таныс апайды көріп қалып сәлем бердім.

Ол кісі мемлекеттік қызметтерді электрондық цифрлық қолтаңбасыз алу туралы «білгіштердің» әңгімесін ұйып тыңдап отыр екен. Мен де біраз мәліметке қанықтым. Сонда байқағаным, орыс тілді ағайындар жасы егде тартқандарына қарамастан компьютерлік қысқа курстарда тегін оқып, ғаламторды еркін меңгеруге қол жеткізуде. Осы орайда «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бостандық аудандық №2 бөлімі басшысының орынбасары Ғұнари Матбусадан таяуда қандай қызметтерді үйде отырып-ақ цифрлық қолтаңбасыз алуға болатынын сұраған едім.
Ол кісі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды кілтті қажет етпей-ақ бір реттік sms код арқылы «egov.kz» порталында 30 танымал қызметті алу мүмкін екендігін айтып берді. Мәселен, Мекенжай анықтамасын алу; Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру; Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру; Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру; Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру; Жылжымайтын мүлiк объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын алуға электрондық өтінішті беру; Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру; Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру; Жылжымайтын мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу; Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру; Мұрағаттық анықтамалар беру; Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру; «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру; Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама беру; «Заңды тұлғаның өзге заңды тұлғаларға қатысуы туралы» анықтама беру; Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы анықтама алу; Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама алу; Көрсетілген мерзімге заң­ды тұлғаның тіркелгені туралы анықтама беру; Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру; Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру; Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру; Әкелік құқықты бекіту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу; Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру; Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру; Некені бұзу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру; Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу; Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтама алу; Некені бұзу туралы анықтама беру; Некеге тұру туралы анықтама беру; Туу туралы анықтама алу.
Бір реттік құпиясөз дегеніміз азамат белгілі бір қызметті алу үшін сұрау салған кезде sms арқылы ұялы телефонға келетін хабарлама. Сұрау салушының телефонына келген тексеруші құпиясөзді (код) eGov.kz порталында енгізу қажет. Осы кезде пайдаланушының нөмірі мобильдік азаматтар базасында тексеріліп, базадағы нөмірмен сәйкестігі расталып, сұрау салған қызметке бірден жауап беріледі. Мобильдік азаматтар базасында тіркелу үшін порталда «Жеке кабинетке» кіріп «телефон» деген бағанда ұялы телефонның нөмірін көрсету қажет. Бұдан бөлек, ЖСН-ға телефон нөмірін тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-кеңселеріне баруға болады (ХҚКО).

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X