Валюта бағамы: $ 356.54 419.43 5.42 ¥ 51.86

Құқықтық саясат және құқықтық сана

Жуырда «Ғылым» баспасынан саяси ғылымдар кандидаты Ғалымжан Әбсаттаровтың «Құқық. Саясат. Сана» атты монографиясы жарық көрді. Кітапта Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының саясаттанулық мәселелері егжей-тегжейлі зерделенген.

Жуырда «Ғылым» баспасынан саяси ғылым­дар кандидаты Ғалымжан Әбсаттаровтың «Құқық. Саясат. Сана» атты монографиясы жа­рық көрді. Кітапта Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының саясаттанулық мәселе­лері егжей-тегжейлі зерделенген.
Қазақстандық қоғамның нарықтық қаты­настарға көшуі және еліміз бен бүкіл әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістер жағ­дайында, осы мәселелердің мән-маңызын саясаттану ғылымы тұрғысынан тереңірек ашу қажеттілігі күшейе түсті және бұл уақыт талабы болып табылады. Бүгінгі таңда әлемдік және қазақстандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, құқықтық саясат нақты тарихи мазмұнға ие. Саясат – бұл тұрғындардың экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, діни мүдделерін есепке алуға, үйлестіруге және іске асыруға бағытталған, қоғамның ұйымдастырушы және реттеуші-қадағалаушы салаларына тән шаралар жүйесі. Мемлекет саясатының негізгі міндеті қоғамдық-саяси және құқықтық қатынастарды оңтайландыру болып табылады.
Ғ.Р.Әбсаттаровтың монографиясында тә­уел­сіз Қазақстанның құқықтық саясатының көптеген маңызды қырлары қозғалады. Бұл ретте автор саяси жүйедегі маңызды элементтердің бірі ретінде құқықтық саясаттың қалыптасу кезеңдерінің барлығын егжей-тегжейлі қарас­тырған. Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты – бірегей, саяси құбылыс. Оның ерекшелігі, саясилығы оның құқық саласына да, саясатқа да бірдей қатыстылығында жатыр, өйткені олар бір-бірімен тығыз байланысты, осы өзара байланыстың нәтижесінде құқықтық саясат секілді феномен пайда болған. Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты шын мәнінде Қазақстандағы құқықтық мемлекеттің мазмұны мен қызметінің мән-мағынасының көрінісін, бейнесін білдіреді. Сол себепті еліміздің даму келешегі құқықтық саясатты ғылыми зерделеуге және біздің қоғам дамуындағы құқық пен саясаттың рөлін ұғы­нуымызға байланысты.
Зерттеу жұмысында Қазақстан Республика­сының құқықтық саясатына терең талдау жасал­ған. Автор Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты қазіргі ғылыми пайымда елеулі өзгерістерге ұшырағанын атап көрсетеді. Қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық және басқа қатынастардың күрделенуі саясат­тың, құқықтың рөлінің және олардың басқарушылық функцияларының күрт өсуіне алып келді. Бұл өз кезегінде Қазақстан Респуб­ли­ка­сының құқықтық саясатының рөлін, әрекет ету шегін қайта қарау, жалпы көзқарас, әмбебап ұстаным әзірлеу, осы саясаттың жалпыға бірдей қабылданған және жан-жақты негізделген тұжырымдамасын құру, сол арқылы зерттелетін нысан туралы жаңа білімдерге қол жеткізу қажеттілігін туғызды. ҚР құқықтық саясатының саяси субъектілері елімізде аза­маттық қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Құқықтық саясаттың саяси субъектілері елде азаматтық қоғам құруға ғана емес, сондай-ақ адамның ар-намысы мен абыройын қорғайды. Осы негізде, автор Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты қазақстандық қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық субъектілердің өзара әрекеттестігі негізінде әзірленеді, жүзеге асырылады және де Қазақстанның республикалық мақсатты бағдарламаларында, доктриналарда, даму тұжырымдамаларында, халықаралық келісім-шарттарда, республика заңдарында жә­не нормативтік-құқықтық актілерінде, сон­дай-ақ өзге де ресми саяси-құқықтық құжаттарда жинақталады деген түйін жасайды. Құқықтық саясат – саяси субъектілердің: мемлекеттің, саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, индивидтердің және олардың құқықтық реттеу саласындағы бірлестіктерінің стратегиялық сипаттағы құқықтық идеяларды әзірлеуден және жүзеге асырудан тұратын қызметі екені көрсетіледі.
Қазақстандық қоғамның демократиялық өзгерістер жолымен дамуы, Ғалымжан Әбсаттаров­тың пікірінше, мемлекеттің алдына бұрын­ғы кеңестік құқықтық саясаттан формасы және мазмұны бойынша мүлде бөлек жаңа құқықтық саясатты өмірге енгізу және қалыптастыру міндетін қойып отыр. Автор өз тарапынан аталған мәселенің күрделілігі мен тереңдігін ескере отырып, осы феноменнің мақсат-мағынасын ұғынып, білу үшін қазіргі Қазақстандағы жаңа құқықтық саясатты қа­лып­тастырудың ерекшеліктері мен қажет­ті­лігін анықтауды ұсынады. Ғ.Әбсаттаров атап өткендей, жаңа көзқарастың мағынасы Қазақ­станның құқықтық саясаты шын мә­нін­дегі құқыққа айналуында және құқықтық мем­лекеттің бір элементі ретінде қоғамнан өз орнын иеленуінде жатыр. Ол тікелей құқықтық салада және құқықтық қызмет аясында бірыңғай жалпыұлттық саясат ретінде қабылдануға тиіс, ол саяси-құқықтық реттеудің ғана емес, сонымен бірге еліміздің ХХІ ғасырдағы құқықтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиясы мен тактикасы болуы керек.
Ғ.Әбсаттаровтың зерттеуінде мұсылмандық құқықтың ерекшеліктері де айқындалған. Мұ­сылмандық құқықтың басқа құқықтық жүйе­лерден басты ерекшелігі, ондағы сакральды және зайырлы, діни және заңдық бастау­лардың өзара әрекеттесуінде жатыр. Бұл оның шығу тегінің және тарихи эволюциясының, дереккөздері мен құрылымының, мұ­сылмандық заңгерлердің, сая­саттанушылардың құқық­тық түсінігінің және әрекет ету тетіктерінің, осы құқықтың мемлекетпен және зайырлы заңнамамен арақатынасының ерекшелігінен байқалады. Мұсыл­ман­дық құқықтың тағы бір қасиеті оның тым са­налуандығында, аймақтық және ұлттық форма­ла­рының әртүрлілігінде, жергілікті салт-дәстүр­мен ты­ғыз байланыса әрекеттесуінде, ондағы тұрақты­лық­тың уақытқа бейімделуінде және өзгеруге қабілетті­лігінде.
Автор қазақстандық исламның ерекшелігі – мұ­сылмандық мәдениеттің деңгейі төмендігінде деп тұжырымдайды. Яғни, мұнда діни институттар және мұсылмандардың білім деңгейі туралы айтылып отыр. Мұндай артта қалушылықтың себебі – қазақстандық мұсылмандардың және ислам институттарының ұзақ уақыт бойы өзге исламдық әлемнен, исламдық білімнің жетекші орталықтарынан, қазіргі заманғы ислам өркениетінен оқшаулануы, соның нәтижесінде исламның жаңа жетістіктерінен, оның рухани, интеллектуалдық, саяси-құқықтық мәдениетінен қол үзуі. Осыған орай автор мұсылмандар конфессиялық басымдыққа, ал мемлекет зайырлы сипатқа ие Қазақстан үшінең дұрысы шариғатты емес, жалпы мұсылмандық құқықты меңгеру маңызды екендігіне мән береді.
Қорыта келгенде, Ғ.Әбсаттаровтың аталмыш моно­графиясының теориялық және қолданбалы маңызы зор, зерттеу жұмысы тұтастай құқықтық саясат, құ­қықтық сана, қазақстандықтардың құ­қықтық мәде­ниеті туралы идеяларға толы.

Әміржан Шалтыков,
саяси ғылымдар докторы,
профессор


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру