Валюта бағамы: $ 356.54 419.43 5.42 ¥ 51.86

ҚазҰУ – Сколково: hi tech саласындағы ынтымақтастық

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов бастаған қазақстандық делегация «Сколково» инновациялық жүйелеріне сапармен барып қайтты. Инновациялар, ғылым мен жоғары технологияларды ортақ дамыту туралы келісім іс-сапардың басты нәтижесі болып табылды.

Делегация «Сколково» қоры және аймақтық даму департаментінің басшылы­ғымен, сондай-ақ технопарктің бас директоры және оның тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында екі­жақты ынтымақтастықты дамыту және ортақ инновациялық жобаларды жүзеге асыру мәселе­лері талқыланды.
ҚазҰУ-да инновациялық және медициналық-биологиялық кластерді, сондай-ақ Қытай үкіметі тарапынан алынатын суперкомпьютер негізін­де Жаңа Жібек жолы университеттері Альянсы­ның ІТ-технопаркін құру жобалары Ресей әріптес­терінің ерекше қызығушылығын тудырды.
«Сколково» өкілдері энерготиімділік және энергияны үнемдеу, ядролық және космостық технологиялар, телекоммуникация және биоме­дицина, ІТ технология және бағдарламалық жа­сақ­тама сияқты басым бағыттар бойынша ор­тақ жұмыстар жүргізуге дайындықтарын біл­дірді.
Тараптар сонымен қатар жинақталған тәжіри­бені ортақ коммерциялау және оларды екі мемлекет экономикасының нақты секторына енгізуге дайындықтарын жеткізді.
Массачусетс технологиялық инсти­ту­ты­ның (АҚШ) қатысуымен және өзара серіктестікте құрылған Сколково ғылым және технология инс­титутына сапар барысында жоғары білікті мамандарды, сондай-ақ зерттеушілер мен кәсіп­кер­лердің жаңа буынын дайындау мәселелері тал­қы­ланды.
«Сколково» құрамында инновациялық орта­лық, арнайы қор, ғылым және технология институты («Сколтех»), шамамен екі мыңға жуық тұрғындар бар. Олар коммерциялаудың жалпы деңгейінің 124 млрд. рубльден асатын ғылыми-зерттеу және кәсіпкерлік қызметтерін атқарады.

Бекет Көкенайұлы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру