Валюта бағамы: $ 324.65 397.66 5.74 ¥ 50.73

Сауатты елге айналу – басты міндет

Бүгінгі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін әлемдік деңгейде қалыптастыра отырып, үшінші жаңғыруды жүзеге асыру үшін қажырлы қайрат пен таудай талап қажет. Демек жаһандық жаңа құбылыстарды түсіне меңгеруге адами капиталды да сапалы дамыту қажеттілігі туындайды. Сондықтан адами капиталдың өзегін білім деп мойындайтын болсақ келешегіміздігін жарқын болуының кепілі екендігі мәлім.

Елбасы Үшінші жаңғырудың төртінші ба­сым­ды­ғында білім беру жүйесінің рөлін арттыру арқылы бәсекеге қабілетті болу, білім арқылы озу – маңызды міндет екендігін атап өткен. Себебі, ғылым дамымай дүние дамымайтындығын атай келе, білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру қажеттігін міндеттеді. Яғни, білім саласын оң өзгерістерге бет бұрып оқыту бағдарламаларына сәйке сөз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттауды, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға аса көңіл бөлу керектігін алға тартты.
Елбасы «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін білім қажет. Сол арқылы ғана сауатты елге айналамыз» дей келе бірқатар міндеттер жүктеді. Бүгінде осы міндеттерді орындау мақсатында жасалған жұмыстар нәтижесі көңіл қуантарлық. Оған мысал, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ветеринарлық медицина мамандығының студенттерінің кәсіби білім алудағы жетістіктерін атауға болады. Олардың мамандығына деген құштарлығын арттырып, экономиканы ынталандыру үшін жаңа технологиялар енгізудің маңызын ашу мақсатында ұйымдастырылған «Экономикалық талдау және статистика» пәні бойынша ««Агробизнес-2020» – ауыл шаруашылығын қаржылық сауықтыру құралы» тақырыбындағы онлайн-пікірталас түрінде өткен коучинг.
Шараға қатысушылар Елбасы Жолдауындағы екінші басымдықта белгілеген бизнес ортаны дамыту – дағдарысқа қарсы маңызды құрал екендігін талқылап, ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету жолдарын баяндады. Осы мамандықтың 407 топ студенті Керімқұл Нұрсұлтан аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін бес міндет орындалу керектігін атай келе, Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алатындығын, оны жандандыру үшін шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану қажеттігіне тоқталды.
406 топ студенті Жұпар Бекболатқызы Елбасы­ның «Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс», – деген міндетін орындауда жүзеге асырылып отырған бірнеше шараларды атап өтті.
Мысалы Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы Үшарал ауылы «Юсупова» шаруа қожалығының төрайымы Зейнеп Юсупова апаймен онлайн режимде етті бағыттағы ірі қара малдың тауарлық табынының санын ұлғайту мақсатында жасалынып жатқан жұмыстарын скайп арқылы көріп тыңдады. Бүгінгі күнгі шаруа қожалығының тыныс тіршілігімен таныстырып, коучингке қатысушыларға 2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 10,0 млн. теңге несие алып, оған 15 бас сиыр, ветеринарлық паспорты бар асыл тұқымды 2 бас бұқа сатып алынғанын, мал қорасы толық жөндеуден өткізілгенін және малға қажетті жем-шөп қорын жасаудағы мәселе түбегейлі шешімін тауып отырғанын скайп арқылы таныс­тырды.
Коучинг барысында бүгінде мал басын көбейтіп, шаруасын ілгері жүргізіп отырған кәсіпкерлер бағдарлама бойынша агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара аналық мал және асыл тұқымды бұқа сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналымдағы қаражатты толықтыру мақсатында 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін 7 жыл мерзімінде заңды тұлғаларға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге мөлшерлемесі – жылдық 6% сыйақы мөлшерінде қарыз берілетіндігін және қарыз алушыларға төлеу қабілетінің болуы және қаржылық тұрақтылық, өтініш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) айда салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы, соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы, жағымсыз несиелік тарихының болмауы, малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы сияқты және басқа да талаптар қойылатындығын танып түсінді.
Шараға қатысушылар мен «Юсупова» шаруа қожалығы төрайымы Зейнеп Юсупова апайдың осы міндеттерді орындаудағы бірқатар туындаған мәселелерін көтеріп оны жою жолдарын анықтау қажеттілігіне тоқталды.
Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берген шаруа қожалығының иесі сөз соңында кәсіпкерлерді, ел игілігі үшін және халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарылату үшін қолдау жасалғанына риза болып, Елбасына және Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жолында жасалып жатқан жұмыстарына табыс тіледі.
Білім беру жүйесінде инновациялық әдістерді қолдану және оның рөлін арттыру мақсатындағы жүргізілген онлайн-режимдегі коучинг түріндегі сабақ студенттер үшін білім арқылы бәсекеге қабілетті арттыратынын және алған білім арқылы кәсіби біліктілікті арттыру маңызды екендігі ақиқат. Бұл шараға жан-жақты дайындалған студенттер пікірлері мен қөзқарастарын қорытындылап, бірінші басымдықтың екінші міндеті – Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру, яғни оған агроөнеркәсіптік кешені де жататын­дығын атап өтті.
Яғни, аталған коучингті жүргізуде тақырыпты ашуға, мақсатқа бағытталған тақырыптық бейнематериалдан, түрткі сұрақтан немесе нақты тапсырмадан басталғандықтан тиімді болды. Шара барысында теория жеңіл, қарапайым, қолжетімді үлгіде берілгендіктен әрбір теориялық материал тәжірибемен үйлесуі басшылыққа алынды. Әрбір тапсырма белсенді формада жүргізіліп, қатысушылардың қызығушылықтарын арттырғандықтан студенттер өз ойларын нақты жеткізді.
Шараның қатысушылар орындаған тап­сыр­малардың нәтижелілігін анықтауда белсенділік танытуы мен жауапты нақты түрде жеткізу бойынша жиналған балл түріндегі формада жүргізілуі де студенттерді ынталандырды.
Қортындылай келе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының тарихи мәні саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын әр қазақстандық жастың рухани жаңғырту арқылы тек жоғары білім мен рухани бай, сауатты халық қана сыртқы әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере алатындығына кәміл сенетіндігін мойындаймыз. Сондықтанда мақала қоғамдық-саяси және ғылыми жобалар ретінде бірқатар шаралардан тұратыны өте маңызды. Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамудың жоғары деңгейіне көтерілуіне ықпал ететіндігіне өскелең ұрпақ сенімді. Демек, Қазақстан үшін жаңғырудың Үшінші кезеңіне көшу арқылы жаһандық технологиялық бәсекелестікке ұмтылып, Елбасының сөзімен айтсақ, Үшінші жаңғыру – болашаққа, «Қазақстан-2050» страте­гия­сында көрсетілген мақсаттарға бастайтын алтын көпір болмақ.

Ажар Бейсенбаева,
«Есеп, аудит және қаржы»
кафедрасының доценті,
экономика ғылымдарының кандидаты


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X