Валюта бағамы: $ 366.43 420.11 5.58 ¥ 52.87

Ипотекалық нарықты ынталандыру

Жақында орталық коммуникациялар қызметінде «Нұрлы жер: тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру» Қазақстанның ипотекалық нарығын ынталандыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағ­дар­ла­масының қаржы операторы, «Бәй­терек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Қа­зақстан ипотекалық компаниясы»АҚ (бұдан әрі – ҚИК) Қа­зақ­стан Республикасы азаматтарына ипо­те­калық қарыздары бойынша сыйақы мөл­шерлемесін субсидиялау нәтижелері туралы әңгімеледі.
Іс-шараға «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «Қазақстан Ипо­текалық Компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасы­ның орынбасары Руслан Кәкім, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ басқа­рушы директоры Еркін Сыздықов қа­тыс­ты.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипоте­калық қарыздарды субсидиялау – ипотека бойынша қарыз алушыға, бастапқы тұрғын үйді сатып алу барысында соңғы мөлшерлемесі жылдық 10%-бен беруді қарастырады. Бағдарлама талаптарына сәйкес айырмашылық банкіге, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы арқылы мемлекеттік қаражаттармен өтеледі. Бағдарлама шеңберінде оны іске асыру кезеңінен бастап барлығы 120 млрд. теңге сомасына 8 000 қарыз, оның ішінде 2017 жылы – 15 млрд. теңгеге 1 000 қарыз және 2018 жылы – 105 млрд. теңгеге 7 000 қарыз беру жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанындағы жағ­дай бойынша 12,3 млрд. теңге сомасына 1209 өтінім келіп түсті, оның ішінде 12 млрд. теңгеге (98%) 1180 өтінім мақұлданды. Бағдарламаға Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Қостанай, Жезқазған, Семей, Қызылорда және Алматы облыстарының тұрғындары қатысты.
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары сыйақы­сының бөлігін субсидиялау бағ­дарламасы іске асырылғалы бері ағымдағы жылдың маусым айынан ипотекалық нарықтың жанданғаны бай­қалады – ком­мерциялық банктер (КТҚЖБ есепке алмағанда) ипотекалық несиелерді беру көлемін 2016 жылдағы ұқсас кезеңмен салыс­тырғанда 51%-ға арттырды. Халық тарапынан субсидия өніміне деген сұраныс артып отыр, бұл ай сайын мақұлданған өтінімдердің 80% өсуімен, сондай-ақ, ЕДБ тарапынан Бағдарламаға қатысуға деген қызығушылығының артуымен расталып отыр. Бүгінгі күні қарыздарды алты банк – «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ВТБ» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (жеке тұрғын үй құрылысын дамыту ) беріп жатыр. Жыл соңына дейін «Цесна Банк» АҚ, ал келесі жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ , «Tengri Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ Бағдарламаға қосылуды жоспарлап отыр.
Ипотекалық несиелендіруді ынталандыру мақ­сатында Қазақстан Республикасы Үкі­ме­тінің тарапынан ағымдағы жылдың қазан айында Бағдарламаға түзетулер енгізілді: бұрын мөлшерлеме Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесіне байланған болса, қазір ЕДБ субсидияла­натын қарыздары бойынша кірістілік дең­гейі жылдық 16%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша тиянақталды, 30% алдын ала төлем ретінде қарыз алушы, қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаларға тиесілі тұрғын үй ретіндегі баламалы жылжымайтын мүлікті қосымша кепілзатты ұсына алады, сондай-ақ, бастапқы жарна ретінде, растаушы құжаттарды ұсыну барысында қарыз алушының құрылысты салушыға тө­леген алдын ала төлемі де есепке алынады. Бастапқы тұрғын үй ұғымы кеңейтілді: пәтерлерді тек қазір құрылысты салушылардан ғана емес, сондай-ақ құрылыстағы пәтерлерді салушыларға сатқан басқа заңды тұлғалардан да (сауда-саттық компаниялары) сатып алуға болады. Бұл өз кезегінде қарыз алушының таңдауын маңызды түрде арттырса, ал құрылысты салушылар үшін қолжетімді тұрғын үй нарығына жаңа нысандарды көптеп шығаруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асыру барысында ҚИК мен серіктес-банктердің қарыз алушының жағ­дайын жақсартуға бағытталған өзара ынты­мақтастық әрекеттерінің нәтижелеріне қол жет­кізілді. Бөлек банктермен субсидиялау мер­зімі аяқталғаннан кейін қарыз алушы үшін төлем жүктемесін төмендету бойынша қосымша талаптар ұсынылды – «ЦентрКредит Банкі» АҚ мөлшерлемені жылдық 10% көлемінде сақтап қалып отыр, «Сбербанк» АҚ ЕБ мөлшерлемені тек қана 0,5% көтере отырып, жылдық 10,5% көтерді. Қарызды субсидиялау туралы өтінішті қарастыру мерзімі бұрынғы алты күннен үш күнге дейін қысқартылды.

 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 Destroying Diabetes  |
 type 2 diabetes symptoms  |
 type 2 diabetes symptoms  |
 diabetes diagnosis  |
 Type 1 Diabetes  |
 Type 1 Diabetes  |
 food for diabetics  |
 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 food for diabetics  |
 food for diabetics  |
 food for diabetics  |
 early sigzns of diabetes  |
 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 early sigzns of diabetes  |
 Common Questions About Type 2 Diabetes  |
 Common Questions About Type 2 Diabetes  |
 Diabetes Type 2  |
 blood sugar  |
 blood sugar  |
 blood sugar  |
 type 1 diabetes  |
 What is Type 1 Diabetes  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 What is Type 1 Diabetes  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 Office Professional  |
 office project keys  |
 office project keys  |
 Visio Professional 2016 Product Key  |
 office 2007 keys  |
 windows server 2003 keys  |

«Ағымдағы жылда Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ипотекалық облигацияларды шы­ға­ру арқылы банктерді қорландыра отырып, ипотекалық несиелер бойынша талап ету құ­қықтарын сатып алу үшін инвестицияларды тарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлады. Қазіргі уақытта Компания «Қазақстан қор биржасы» АҚ алаңында өзінің облигацияларының он бесінші шығарылымының алғашқы траншын жалпы сомасы 30,0 млрд. теңгедегі шығарылымын 8,5 млрд. теңге кө­лемінде орналастырады. Болашақта, ипотека­лық нарықты ынталандыру мақсатында, Қазақ­стан Ипотекалық Компаниясы акцияларын ор­наластырудан түскен қаражатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінен талап ету құқықтарын сатып алуға бағыттайтын болады», – деп атап өтті Әділ Мұхамеджанов.

Бекет Көкенайұлы


Оқи отырыңыз

Пікір(1)

  • Төленді
    22.12.2017 at 4:13 pm

    Қазір халықтың баспаналы болуға мүмкіндігі әлдеқайда артып отыр. Несиеге болса да, мемлекет қарастырып отырған жеңілдіктермен үй алып жатқан халық саны артуда.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру