Валюта бағамы: $ 346.68 404.02 5.47 ¥ 51.15

Азаттықтың асқақ мерейі

Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған 16 желтоқсан – еліміздің ұлық мерекесі, халқымыз үшін қасиетті де қастерлі күн. Осыдан 26 жыл бұрын, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойды. Бұл ғасырлар бойғы ата-баба арманы – азаттыққа қол жеткен, еліміздің Көк Туы өз тұғырына көтеріліп, жұлдызы жарқыраған тарихи мәні зор оқиға еді. Еліміз ішкі-сыртқы саясатын дербес жүргізетін, өз аумағында билікті толық иеленген егемен, құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды.

Халқымыз үшін баға жетпес құндылық, еліміздің бас мейрамы – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қа­был­дауда Қазақстан халқын айтулы мерекемен құттықтаған мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев:
– Бұл күні уақыт өлшеміне бағына қоймайтын мақтаныш, қуаныш пен толқыныс өзара үйлесім тауып, ерекше сезімге бөлейді, – деп атап өтті.

 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 Destroying Diabetes  |
 type 2 diabetes symptoms  |
 type 2 diabetes symptoms  |
 diabetes diagnosis  |
 Type 1 Diabetes  |
 Type 1 Diabetes  |
 food for diabetics  |
 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 food for diabetics  |
 food for diabetics  |
 food for diabetics  |
 early sigzns of diabetes  |
 How to Lower Your Blood Sugar Naturally  |
 early sigzns of diabetes  |
 Common Questions About Type 2 Diabetes  |
 Common Questions About Type 2 Diabetes  |
 Diabetes Type 2  |
 blood sugar  |
 blood sugar  |
 blood sugar  |
 type 1 diabetes  |
 What is Type 1 Diabetes  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 diabetes treatment  |
 What is Type 1 Diabetes  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 sexy lingerie  |
 Office Professional  |
 office project keys  |
 office project keys  |
 Visio Professional 2016 Product Key  |
 office 2007 keys  |
 windows server 2003 keys  |

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен еліміз өтпелі кезең қиындықтарын еңсеріп, тарих тұрғысынан алғанда қасқағымдай уақыттың ішінде мәні мен мағынасын тұтас ғасырға балауға болатын ауыр да абыройлы жолдан өтті. Ата Заңымыз қабылданып, шекарамыз шегенделді, Қарулы Күштеріміз құрылды. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі қалыптасты, экономика нарықтық негізге көшті, ұлттық валюта қолданысқа шықты, жаңа Астана бой көтеріп, шетте жүрген қандастарымыз атажұртқа оралды, рухани құндылықтарымыз қайта жанданды. Міне, өз тізгінін өзі қолға алып, бағыт-бағдарын өзі айқындаған егемен ел жылдам өсуге қол жеткізіп қана қоймай, алдағы уақытта орнықты дамуға берік негіз қалау үшін тың серпін, ерекше құлшыныспен жаңа биіктерге бет алды.

– Бұған дейін тарихымызда болмаған кәсіп­керлер шоғыры қалыптасты. 1,2 миллионнан ас­там қазақстандық өзінің жеке кәсібін жүргізіп, барлық ұлттық кірістің төрттен бірін қамтамасыз етіп отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» бағдар­ла­масы келешектің инфрақұрылымдық дайын­дығын қамтамасыз еткен әрі дағдарысқа қарсы шешім болғанын атап өтті.
– Ызғарлы жел соққанда, біз қоршау емес, жел диірмендер салдық. 7 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібінің жаңа 24 секторы пайда болды. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының тиімділігі нысандар санымен емес, тұтас салалар санымен өлшенеді, – деді Елбасы.
Аталған мемлекеттік ауқымды жобаларды тиімді іске асыру экономикамыздың өркен­деуіне серпін берді. Бүгінге дейін ел эконо­микасына 260 млрд доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Бұл – әлемдік деңгейдегі бизнес-қауымдастықтың Қазақстанға зор се­нім­мен қарайтындығының жақсы дәлелі. Мұның бәрі еліміздің ертеңгі орнықты дамуы, халқымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігін жақсарта түсу мақсатын көздеген іс-әрекеттің нәтижесі.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің әлеуметтік функциясын нығайтудың кепіліне айналған эко­номикалық өзгерістердің табысты болғанына ерек­ше назар аударды.
– Халқымыздың саны тарихымызда бірінші рет 18 миллионнан асты, бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті. Қазақстан биыл бастауыш білім беруді қамту ауқымы жөнінен әлем бойынша төртінші орынға шықты. Өмір сүру ұзақтығы 4,5 жылға өсіп, 72,5 жасты құрады. 1,1 миллионнан астам отбасы баспаналы болды, – деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық­ара­лық аренадағы жетістіктеріне жеке тоқталды.
– Елордамызда халықаралық ЭКСПО көр­месі өткізілді. Биылдың өзінде Қазақстан дүние­жүзілік Универсиаданы, Шанхай ынтымақ­тастық ұйымының тарихи саммитін, Ислам ын­тымақ­тас­тығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін, Сириядағы жағдайды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді өткізді. Ал 2018 жылғы қаңтар айында еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді, – деді Мемлекет басшысы.
Осы жылдарда жүргізілген салиқалы саясат­тың арқасында ішкі бірлік пен келісімді сақтап, нығайтудың жарқын үлгісін көрсетіп, әлем елдерімен сыйластыққа негізделген бейбітші­ліксүйгіш сыртқы саясатты ұстанған Қазақстан Елбасының бастамалары негізінде ядролық қару-жарақты таратпау және қауіпсіздікті нығайту сала­сында көшбасшы ел ретінде танылды. Қа­зақ­станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жж. арналған кезеңнің тұрақты емес мү­ше­лігіне сенімді жеңіспен сайлануына сыртқы саясаттағы жемісті іс-әрекеттері алғышарт болғаны даусыз. Еліміздің сыртқы саясаттағы жетістіктері БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ЕАЭО, ҰҚШҰ тә­різді халықаралық және аймақтық ұйымдардың белсенді қатысушысы ретіндегі нәтижелі бастамаларынан да анық көрінеді. Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, ұйым саммиті сол жылы Астанада табысты өткен болса, 2011-2012 жылдары еліміз ИЫҰ-ға төрағалық етті.
Мемлекет басшысы «100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесу өткізгеніне ерекше тоқталып, Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы аза­маттар екенін атап өтті.
– Бұлардың ұстанатын өмірлік қағидасы – мемлекеттен талап ете бермей, оған өзінің идеяларын, шығармашылық энергиясын, қажырлы еңбегін арнау. Міне, біз қол жеткізген табыстың нағыз шынайы манифесі – осы! Тәуелсіздіктің ұрпағы да – осылар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін сан жағынан өсуден са­палық өзгерістерге көшудің маңызды талап еке­нін айқындап берді.
– Қазақстанды қалыптасқан мемлекет ретінде нығайтып, біз бүкілін қамтитын жаңғыруға, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тұрпатын жасауға кірістік. Сол үшін саяси, экономикалық және рухани жаңғыру үдерісін бастап кеттік, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» қо­ғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру мәселесіне тоқталды.
– Биыл ел болып Алашорданың 100 жыл­ды­ғын атап өттік. Қазақ әліпбиінің латын графикасына өтуі жөніндегі аса маңызды шешім қабылдадық. Латын қарпіне көшудің терең тарихи қисыны бар. Бұл – ата-баба арманының орындалуы ғана емес, келер ұрпақты болашаққа бастайтын жол, – деді Мемлекет басшысы.
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын соңында Мемлекет басшысы қатысушылардың бәрін еліміздің ұлық мерекесімен тағы да құт­тықтап, саяси тұрақтылық, қоғам мен халқы­мыз­дың бірлігі үшін жүргізіліп жатқан саясатқа толық қолдау көрсету еліміздің табысты болуы­ның басты кепілі екенін атап өтті.
– Барлық бастамаларымды іске асыруға күш берген сенімдеріңіз үшін, шынайы қолдау­ла­рыңыз бен жанкешті күш-жігерлеріңіз үшін бар­ша қазақстандықтарға алғыс айтамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақ елі өзінің екінші ширек ғасырлық та­рихының жаңа парағын ашты. 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көрі­нуді мақсат еткен халқымыздың Отаны тыныш, бір­лігі берік, ісі берекелі, бағы баянды болғай деп тілейміз.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысты.
Рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, егеменді ел ретінде дамыған жылдарымызда қол жеткен жетістіктерді атап өтті, осы кезеңдегі ел алдында тұрған міндеттер мен институционалды реформаларды іске асырудағы әрбір қазақстандықтың рөлі мен күш-жігері жөнінде айтты.
– Бүгін біз өз ісінің білікті мамандары, Отанымыздың нағыз патриоттары болып саналатын қазақстандықтарға құрмет көрсетеміз. Мемлекеттік наградаларға мәдениет пен өнер, білім беру мен денсаулық сақтау ісінің қайраткерлері, бизнес пен өндіріс саласының өкілдері, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, спортшылар мен мемлекеттік қызметшілер ие болуда. Өз істеріңізге деген адалдықтың, еңбекқорлықтың, қажыр-қайрат пен ерліктің арқасында сіздер әріптестеріңіздің құрметіне бөленіп, қоғамда зор беделге ие болдыңыздар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы еліміздің зияткерлік-инновациялық әлеуетінің дамуына назар аударып, бұл істегі отандық ғылым қайраткерлерінің рөліне тоқталды.
Елбасы рәсім барысында Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық тұрғыдан дамытудағы аса үздік жетістіктері мен сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы А.Есімовті, Атырау облысындағы «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері Р.Қуатовты және «Жақсылық» ШҚ басшысы, Олимпиада ойындарының чемпионы Ж.Үшкемпіровті марапаттады, сондай-ақ бір топ қайраткерге мемлекеттік наградалар тапсырды.

Рымтай САҒЫНБЕКОВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру